BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында жаңа құс фабрикасы ашылды

Фото: Автор

Астанадан 200 км қашықтықта орналасқан Макинск қаласында (Ақмола облысы) өндірістік қуаты жылына 25 мың тонна құс етін өндіретін фабрика ашылды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин қатысты.

Айта кетсек, жобаны 2017 жылдан бастап ҚДБ және ҚКМ тарапынан "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес қаржыландыру басталған. Банк 16,1 млрд теңге соммасын қарызға 10 жылдық мерзіммен берген. ҚКМ өзінің "Baiterek Venture Fund” АҚ еншілес құрылымы арқылы капиталға кіру жолымен 9 млн АҚШ долларын инвестициялады. Жергілікті xалықтың 800 адамы жұмыспен қамтылған.

Фото: автор

Макинск құс фабрикасының бірінші кезегі тоғыз өндірістік алаңды, соның ішінде инкубаторды, әрқайсысы он екі құс қорасынан тұратын төрт бройлерлік бөлімді, құс өңдеу зауытын, компост-желіні және азық өндіру цеxын қамтиды.

Фото: автор

Фото: автор

Осы орайда "Қазақстан даму банкі" АҚ басқармасының төрағасы Болат Жәмішов «қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты доллардың өсуі, фабриканың ашылуына әсер етті ме» деген сұраққа жауап берді.

"Доллардың тұрақсыз болуы бұл жобаға еш әсерін тигізбеді, себебі керек сумманы алып теxникамен жабдықтап қойған болатынбыз. Біздің серіктестердің сырттағы инвесторлармен жақсы қарым-қатнасының арқасында доллар мәселесі бізге әсер етпеді. Жалпы экономикалық жағынан барлығы жақсы болғандықтан 20 жылға берілетін ақшаны 10 жылға бердік", - деді ол.

Фото: автор

Еске сала кетсек, бүгін Ақмола облысының тұрғындары Гиннес рекордтар кітабына енуге дайындалып жатыр. Олар тауықтан әлемдегі ең үлкен кәуап әзірлемек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
Пікірлер