BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Министр көшірмесі талап етілетін құжаттар саны қысқаратынын айтты

Үкiмет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмысы қарқынды жүргiзiлiп жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазiр 746 мемлекеттiк қызметтiң 621-i немесе 85 пайыздан астамын азаматтар мемлекеттiк корпорация (Азаматтарға арналған үкiмет-агенттiк ескертпесi) арқылы ала алады. Қазiргi күнi елiмiз бойынша оның 349 фронт-кеңсесi бар. Оларда жұмыс iстейтiн 22 мың қызметкер жыл сайын 34 млн астам қызмет көрсетедi. «Электрондық Үкiмет» арқылы 452 мемлекеттiк қызметке еркiн қол жеткiзуге болады. 190 млн астам электрондық қызмет көрсетiлдi. Мемлекеттiк корпорация жұмысының маңызды бағыты - шалғайдағы ауыл тұрғындары үшiн қызметтердiң қолжетiмдiлiгiн арттыру. Осы мақсатта Қазақстан бойынша 70 мобильдiк қызмет көрсету орталығы жұмыс iстейдi. Олар ауылдарға шамамен 13 мың рет барып, қызмет көрсетедi. Бұдан бөлек, қызметтердi «Қазпошта» кеңселерiне ұсыну жөнiнде бiрлескен жоба жүзеге асып жатыр», - дедi Абаев.

Министрдiң айтуынша, мемлекеттiк қызметтердi оңтайландыру жұмысы қарқынды жүргiзiлiп жатыр. Қазiр тиiстi 36 жол картасы келiсiмнен өтуде. Бұл ретте қызметтердi электрондық түрде көрсетуге баса көңiл бөлiнiп отыр.

«Жалпы, 104 мемлекеттiк қызмет бойынша ұсыныстарды мүдделi мемлекеттiк органдар жүзеге асырған жағдайда бiр жылда 30 млн құжаттың көшiрмелерiн талап ету қысқартылады. 12 қызмет бойынша азаматтың жеке өзi келуi қажет етiлмейдi. Қызмет көрсетiлетiн мерзiм орташа алғанда 11 күнге қысқартылады», - дедi Дәурен Абаев.

Атап өтсек, бүгiн Үкiмет сағатында Мәжiлiс депутаты Владимир Божко елiмiзде мемлекеттiк қызмет саны 5 есеге артқанын, ал Мәжiлiс депутаты Омархан Өксiкбаев халықтың қағаз соңында жүргенiн айтқан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер