BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

191 судья «шындық детекторы» тексеруінен сүрінбей өтті – Жоғарғы сот

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Полиграф тексеруінен сүрінбей өткен 191 судья жұмысына кіріскен. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының іске асырылу барысына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Жоғарғы соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біліктілігі жоғары судьялар корпусын қалыптастыру – аса маңызды мәселелердің бірі. Судья лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары мен оларды іріктеу тетіктері айтарлықтай күшейтілді. Олар үшін психологиялық тест пен полиграфпен тексеру енгізілді», - деді ол.

Осы орайда Нұрсерік Шәріпов қанша сот қызметкерінің тексеруден сүрінбей өткенін айтты.

«Ағымдағы жылы жаңа ереже бойынша жергілікті соттардың судьясы лауазымына 191 кандидат іріктеп алынып, тағайындалды. Ендігі уақытта судьялар өздерінің біліктілігін жұмысқа кіріскен бірінші жылынан кейінгі 5 жыл сайын растап отырады. Ағымдағы жылы 140 судьяның кәсіби қызметіне бағалау жүргізілді. 2016 жылы 1220 судьяның қызметі бағаланды. Судьялар корпусының негізгі бөлігі өздерінің кәсіби құзіреттілігін дәлелдеп шықты», - деді Нұрсерік Шәріпов.

Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының айтуынша, судьялардың шекті жасы да 25-тен 30 жасқа жоғарылатылған. Судья лауазымына кандидаттар үшін заңгерлік мамандығы бойынша міндетті түрде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер