BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:
Басты бет > Мәдени орталықтар >

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облысының әмбебап ғылыми кітапханасы

Көкшетау облыстық кітапханасы 1946 жылы құрылған. Типтік екі қабатты, кірпіш ғимарат 1971 жылы салынған. 1992 жылдан бастап Мағжан Жұмабаевтың атымен аталып келеді. Жалпы көлемі – 2997,9 кв.м., негізгі көлемі – 1568.2 кв.м.. Баланстық құны – 76042104 теңге. Баспасөз клубы, Интернет залы ашылды, екінші қабатта көрме және оқырмандарға демалыс залы орналастырылды. Кітап қоры - 330133 дана, оның ішінде 54790 дана мемлекеттік тілде. Штаттық бірлік – 71, жоғарғы біліммен – 50, оның ішінде кітапханалық қызметкерлер – 42. Кітапханалық жоғары – 30 адам, орта кітапханалық білімімен – 7. 1985 жыл кітапхананы компьютермен жабдықтай бастаудың бірінші кезеңі болды, 1994 жылы «РАБИС» бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу», «Каталогизатор», «Поиск-Іздеу», «Заказ-Тапсырыс» модульдері енгізілді. Транспорттық құралдар саны -1 (Газель – баргузин). Қаржыландыру: 2008 – 41080, 0 мың т. 2009 жыл – 42513,0 мың т. 2010 жыл – 49186,0 мың т. Директор: Бердалин Арман Тілектесұлы, 1983 жылы 10 желтоқсанда дүниеге келген. Көкшетау мемлекеттік университетінде оқып білім алған. 2010 жылдың қыркүйек айынан бастап М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК директоры. Танымал ақын, республикалық айтыстардың жеңімпазы, «Қазақ пен арақ» кітабының және осы кітап негізінде түсірілген деректі фильм авторы. Облыстық кітапханада қызмет жасайтын 11 бөлім бар:

1. Есепке алу және бақылау бөлімі

2. Толықтыру және әдебиеттерді өндеу бөлімі

3. Негізгі қорды сақтау бөлімі

4. Абонемент бөлімі

5. Автоматтандыру және жаңа технологиялар бөлімі

6. Өнер әдебиеттері бөлімі

7. Ақпараттық-библиографиялық бөлім

8. Оқу залы

9. Маркетинг және инновациялық-әдістемелік жұмыстар бөлімі

10. Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс

11. Шетел тіліндегі әдебиеттер бөлім

Негізгі міндеттері: - Кітапхананы білімді, ақпаратты, мәдени орталық ретінде рөлін көтеру, модернизациялау және ақпараттық қызметті жетілдіру мақсатында Қазақстанның бірыңғай ақпараттық кеңістігіне ену; - Қазақстанның халықтарының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тарихын, тілін, өнерін, қоғамдық рухын нығайту; - Азаматтардың конституциялық құқығы бойынша жеке адамның ақпараттық білім алуына шексіз қызмет ету; - Облыс кітапханалары қызметінің ғылыми-әдістемелік жүйесін жетілдіруді қамтамасыздандыру; - Кітапхана пайдаланушыларының ақпараттық және мәдени сұраныстарын қанағаттандыру үшін қажетті жағдайлар жасау. – Ақмола аймағының ағартушылық, ғылыми және рухани дамуының мүмкіншілігін жетілдіруге ат салысу, оқырмандарға бүгінгі заман талабына сай қызмет көрсету

ЖАҢА ЖАЗБАЛАР

   28 Желтоқсан 2016, 16:20
М.Жұмабаев атындағы кітапханасында семинар тренинг өтті

М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 28 желтоқсан күні Астана қаласы Ұлттық кітапханасынның библиографиялық секторы, ақпараттық-библиографиялық қызметінің меңгерушісі Дүсембаева Айгүл Мажитқызы және құжаттарды өңдеу қызметінің кітапханашысы Рамазанова Үміт Жамбырқызымен өткен семинар тренинг болды. Әріптестер кітапхана саласындағы жаңашылдықтар мен КАЗНЭБ жұмысы туралы сөздер қозғап, 2017 жылдың атаулы күндер күнтізбесін сыйға тартты.

950 0
   14 Желтоқсан 2016, 17:54
«Әсем қала – Астана»

14 желтоқсан 2016 жылы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының Балалар әдебиеті секторының ұйымдастыруымен «Әсем қала – Астана – Город будущего» атты іс-шара өтті.

1015 0
   13 Желтоқсан 2016, 16:51
«Ғасырлар арманы – Тәуелсіздік» атты жас ақындар мүшайрасы

Желтоқсан айының 13-ші жұлдызы Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына орай М.Жұмабаев атынлағы АОӘҒК – ұйымдастырған «Ғасырлар арманы – Тәуелсіздік» атты жас ақындар мүшайрасы өтті.

1194 0
   08 Желтоқсан 2016, 13:39
«Тәуелсіздік құрдастары»

Желтоқсан айының 8-і күні М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік құрдастары» атты көпшілік іс-шара өтті.

1144 0
   07 Желтоқсан 2016, 14:05
«Қазақ кітабының шығу тарихы» атты дөңгелек үстел

6 желтоқсан күні сағат 15-00де М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы сирек және құнды әдебиеттер секторы ұйымдастырған «Қазақ кітабының шығу тарихы» атты дөңгелек үстел өтті.

1570 0
   06 Желтоқсан 2016, 13:59
«Өзіндік пікір сағаты» – «Лингва-спартакиада» отырысы өтті

2016 жылдың 4 желтоқсанда, шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімінде, балаларға арналған «Funny English» ағылшын клубының «Өзіндік пікір сағаты» – «Лингва-спартакиада» отырысы өтті.

1040 0
   02 Желтоқсан 2016, 17:54
«Ядролық қаруға жол жоқ» атты сурет фестивалі

29 қараша 2016 жылы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Балалар әдебиеті секторының» ұйымдастыруымен «Ядролық қаруға жол жоқ – Ядерному взрыву НЕТ! НЕТ! НЕТ!» атты сурет фестивалі өтті. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «25 Алтын күндер» аясында өткізілді.

823 0
   02 Желтоқсан 2016, 17:32
«Қазақстанымды мақтан тұтамын» атты эссе-шығарма сайысы

2016 жылы 2 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына арналған «25 Жұлдызды күн» аясында, АОӘҒК-ның балалар әдебиет секторы оқырман арасында «Қазақстанымды мақтан тұтамын» атты эссе-шығарма сайысын ұйымдастырды.

4884 0
   25 Қараша 2016, 16:46
«Президент – ғасыр адамы» атты диалогтық алаң

Қараша айының 25-сі күні Мағжан Жұмабаев атындағы АОӘҒК көпшілік іс-шаралар бөлімінің ұйымдастыруымен 1 желтоқсан – Президент күніне арналған «Президент – ғасыр адамы» атты диалогтық алаң өтті.

1725 0
   23 Қараша 2016, 11:50
Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл толуына орай

«Ыбырай Алтынсарин білімге және рухани тәрбиеге деген көзқарасының бүгінгі уақыт талабымен үндесуі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция

1536 0
   07 Қараша 2016, 16:47
«Жемқорлықпен күрес – жүйелі атқарар іс» атты дөңгелек үстел

4 қараша күні М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен «Жемқорлықпен күрес – жүйелі атқарар іс» атты дөңгелек үстел өтті.

686 0
   02 Қараша 2016, 11:37
«Суретшілер-иллюстраторлар» атты тақырыпта кітапханалық сабақ

2016 жылы 26, 28 қазан күндерінде Шетел тілдеріндегі әдебиеттер бөлімнің кітапханашылары «Суретшілер-иллюстраторлар» атты тақырыпта кітапханалық сабақ өткізді.

906 0
   31 Қазан 2016, 10:27
«Тәуелсіз елдің азат ойлы ақындары» атты әдеби-сазды ток-шоу өткізілді

29 қазан күні Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай Ақмола облысының Астана қаласындағы мәдени күндері аясында Ұлттық Академиялық кітапханасында Көкшетаулық жас дарынды ақындар - Қуаныш Оспанов, Мерген Тоқсанбай және Бақытбек Бекмұратұлымен «Тәуелсіз елдің азат ойлы ақындары» атты әдеби-сазды ток-шоу өткізілді.

993 0
   27 Қазан 2016, 14:10
М. Жұмабаев кітапханасында семинар-практикум өтті

26 қазан күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Кітапхана қызметін әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету – Методическое сопровождение деятельности библиотек» атты семинар-практикум өткізілді.

1001 0
   24 Қазан 2016, 16:16
«Тәуелсіз елдің тәуелсіз ақындары» атты кездесу кеші өтеді

2016 жылдың қазан айының 29-шы жұлдызы сағ: 11:00-де Астана қаласындағы ҚР Ұлттық Академиясының кітапханасында Ақмола облысының жас ақындары - Мерген Тоқсанбай, Оюлы Қуаныш Оспан және Бақытбек Бекмұратұлымен «Тәуелсіз елдің тәуелсіз ақындары» (ток-шоу форматында) атты кездесу кеші өтеді.

924 0
   21 Қазан 2016, 12:34
«Терроризм –қазіргі заманның ғаламдық проблемасы» атты шара өтті

21 қазан күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК көпшілік іс-шаралар бөлімі кітапханадан тыс «Тероризм–қазіргі заманның ғаламдық проблемасы» атты дәрісті Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенттеріне өткізді.

1202 0
   19 Қазан 2016, 18:13
«Мәдени мұра және Республика Тәуелсіздігі» атты дөнгелек үстел

2016 жылдың 19 қазан жұлдызында М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәдени мұра және Республика Тәуелсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

1897 0
   17 Қазан 2016, 11:20
«Жырын тыңда Дулаттың» атты әдеби сағат өтті

«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Жырын тыңда Дулаттың» атты әдеби сағат 14 қазан 2016 жылы М.Жұмабаев атындағы АОӘҒК «Көпшілік іс-шаралар және қоғаммен байланыс» бөлімінің ұйымдастыруымен Көкшетау техникалық институтында «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында «Жырын тыңда Дулаттың» атты әдеби сағат өтті.

869 0
   14 Қазан 2016, 14:35
«Өнер әлеміне жол сілтеушілер»

2016 ж. 13 қазан күні өнер саласындағы әдебиеттер бөлімінде «Тұмар» сәндік-қолданбалы үйірмесінің отырысы өтті. Бұл іс - шараға кітапхана қызметкерлері, колледж оқушылары, кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты.

836 0
   13 Қазан 2016, 18:03
«Алты алаш көсемі Әлихан Бөкейхан» кеші өтті

13 қазан күні М. Жұмабаев атындағы АОӘҒК көпшілік іс-шаралар бөлімі «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымымен бірлесіп «Алты алаш көсемі Әлихан Бөкейхан» атты әдеби-тарихи кеш өткізді.

1075 0