BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ойхой, дүние!

Ойхой, дүние!..
...қызыл, күрең, жасылды.
Бәс бәйгеге салдың талай басымды.
Қызықтырып тағы міне барасын,
құшағыңа айтшы нені жасырдың?
Құштар қылып,
құштар қылып ертеңге,
желіктіріп жел үрлейсін желкемде.
Кейде көкке жеткізесің төбемді,
кейде дайын тұрасын-ақ өртеуге.
Ойхой, дүние!..
дүрілің мен дүбірің,
талай мені қызықтырды, жүгірдім,
жығылдым да қайда тұрдым, сүріндім...
Кейде сенең,
кейде сенең түңілдім!
Бір де азайып,
бір де толып кемерім,
көргенімнен көп білемін көрерім.
Бұл дүниенің жалғандығын білсем де,
жағаңнан ап, жағаласып келемін.

Мәдет Өмірбек
48834
Ұқсас сілтемелер: