BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бүгінгі отбасы тәрбиесі қандай???

Бүгін тәрбие туралы ой қозғайық.

Тәрбие бізге ата-бабамыздан жалғасып келе жаткан түсінік. Тәрбиелі адам дегенде көз алдымызға сыпайы, мәдениетті жан елестейди. Біз тәрбиенің рөлін жоғары қоямыз. Бізде отбасы тәрбиесі, орта тәрбиесі, мектеп тәрбиесі, аға буын тәрбиесі деген ұғымдар бар. Ал тәрбие беру керек деген сөзді де жақсы түсінеміз. Осы уақытқа дейін білімділердің тәрбие туралы жақсы айтылған анықтамаларынан ауытқымадық. Тәрбие туралы жеке адамдардың пікірі болмады. Неге? Енді мен өз жеке пікірімді айтайын. Адамға тәрбие ықпал етеді деген қате түсінік.

Сен адамды тәрбиелей алмайсың. Оған мысал, әр отбасында 5-6 дан бала бар. Олардың әке-шешесі бір, еститін ақыл-кеңесі де бір, көретін өнегесі де бір. Онда неге олар әртүрлі болып, бір-біріне мінезі жағынан да, басқаларға қарым-қатынасы жағынан да ұқсамайды? Өйткені адам тек өзін-өзі ғана тәрбиелейді. Кейбір адамдар бала тәрбиелеп отырмыз деп менімен дауласуы мүмкін. Оларға айтатыным- сіз балаңыздың тәрбиелі болып өскенін, ЖОО-ын бітіріп, қызметке орналасып, үйленгеннен кейінгі сізге қарым-қатынасынан ғана білесіз. Ол жасқа жеткенге дейін ол сіздің айтқаныңызбен мәжбүрлі түрде жүреді. Себебі, сіз оны киіндіресіз, тамағын бересіз, оқуының ақшасын төлейсіз. Ол сізге мұқтаж. Сондықтан ол сіздің тәрбиеңізбен жүрген түр жасап, манипуляция жасайды.

Адам жақсы болса да, жаман болса да ол өзінен. Кейде айтып жатады, қасындағы достары нашар болған соң бұзылды деп. Бұл да өтірік, өйткені сол адам өзі сондай адамдарға бейім, сосын солармен жүреді. Сондықтан мен үшін өзін-өзі тәрбиелеу басты рөлге шығады, ал тәрбиенің ықпалы өте әлсіз. Қазақта "Бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер" - деген керемет сөз бар. Осы мақалдың астарына үңіле білейік. Қорыта келе айтарым, сіз баланы емес, өз-өзіңізді тәрбиелеңіз. Сіздердің осы тұжырымға қатысты кез-келген пікірлеріңізді түсіністікпен қабылдаймын. Бұдан басқа да өзіңізді мазалап жүрген мәселенің психологиялық мәнін білгіңіз келсе, жазыңыз.

Барынша жауап беруге тырысамын. Құрметпен Балабек!

Балабек Сақтағанов
65238

Сақтағанов Балабек Кеніштайұлы, 1978 жылы 20-шы қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келдім. Психология ғылымдарының PhD докторы. 2001 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетіне «Педагогика және психология» мамандығына түсіп, 2005 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «педагог-психолог» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірдім.

2005-2007 жж Алматы Үздіксіз білім беру колледжінің психологы болып…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер:
25 Желтоқсан 2018, 21:56
ҰЙҚЫДАҒЫ ҚҰБЫЖЫҚТАР