BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. Түнгі сатира. МАХАББАТҚА ОҚ АТПАЙДЫ!

–Сен өзі қандай киллерсің? Қайырымды бола қалуын!
–Аққуларды атуға болмайды...
– Әйелiмдi атшы! Ол аққу емес, үйрек әшейін. Ат деймiн!
– Болмайды.
– Ей, неге болмайды?
– Олар шешiне бастады.
– Не, жалаңаш денеден оғың ұялады ма?
– Ия, атқан оғым ұялып, қисық кетеді…


Екеуміз бес қабатты үйдің шатырына шығып алып, жата кеттік. Жалдамалы киллердің қасында сағыз шайнап жатқан менің дегбірім қалмады:
–Ата ғой! Атсаңшы енді!–деймін қарсы бағыттағы көп қабатты үйдің бесінші қабатындағы, сол жақтан санағанда, төртінші терезеге қадала түсіп.
–Қай жерiнен атайын? –деп сұрады киллер.
– Маңдайынан!
– Обал емес пе?
– Сен, өзiң киллерсiң бе? Кеңкелессің бе? Саған шеф мынаның басы үшiн елу мың доллар төлейiн деп отыр ғой?
– Құлағынан атсам, құламайды ғой, ә?
– Жүрегінен ат!
–Қазiр… Қасында тағы бiреу бар сияқты.
– Жалп еткiз, оңбағанды! Кейiнгi кезде кiсi баласын менсiнбей жүр! Шефтiң жолын кестi!
–Ол бiреумен сүйiсiп тұр…
– Кiммен?
– Сiздiң үйдегi жеңгейге ұқсайды.
– Ах, оңбаған! Мұнымен қалай танысып жүр десеңші? Бәсе, ұялы телефонындағы инстаграмын мен көрмейтіндей етіп, блоктап тастап еді! Әйелімді де ата сал!
–Обал ғой. Махаббатқа оқ атуға болмайды.
–Сен өзі қандай киллерсің? Қайырымды бола қалуын!
–Аққуларды атуға болмайды...
– Әйелiмдi атшы! Ол аққу емес, үйрек әшейін. Ат деймiн!
– Болмайды.
– Ей, неге болмайды?
– Олар шешiне бастады.
– Не, жалаңаш денеден оғың ұялады ма?
– Ия, атқан оғым ұялып, қисық кетеді…
–Маған бер, снайперіңді! Өзім атамын! Оңбаған! Әйелім шефтiң қас дұшпаны Тәпектің ашынасы екен ғой? –дедім мен дірілдеп. Қас дұшпаныңның құшағында әйелің жүрсе, жүрегің жерге домалап түскендей болады екен.
– Олар киiне бастады, – деді киллерім.
– Шүріппені басып қал!
–Олар қайтадан шешiне бастады.
– Тентек пе өздері?
– Ата берейiн бе?
– Ат! Атсаңшы?
– Қай жерiнен?
– Ойбай, қалаған жерiнен!
– Олар бiрiн-бiрi қуалап жүр! –деді киллерім. Негізі Тәпекті тапсырыспен тырайтып салуға келгенбіз, менің әйелім қайдан жүр десеңші?
– Жалп еткiз! –деп бұйырдым.
– Киiне, бастады, –деді ол.
– Ат!
– Коньяк iшiп отыр.
– Атауын iшкiрлер.
– Бастары түйiстi. Әне, әне сүйiстi!
– Сен немене, секс кино тамашалап отырмысың? Атсаңшы!
– Екеуі жабысып тұрғанда шүрiппенi басып қалдым, бiрақ олар құламады ғой?
–Неге?
– Оғымды ұмытып кетіппін.
–Не деген ұмытшақ едің? Шефке не дейміз енді? Дүрбіңмен қарай берші? –дедім мен жынданып.
– Сенiң әйелiң жылап отыр. Шамасы, ақша сұрап отыр...
– Жыламаса, көзi ақсын!
– Олар тағы шешiне бастады.
–Көл жағасында отыр ма, не?
– Айтпақшы, қалтамда жалғыз оқ бар екен.
– Оқты екi бөлiп атсаң ше?
– Ой, олар бөлмеден кетiп қалыпты!
Жыным келді мына киллерге. Осындай да «инабатты» киллер болады екен–ау? Бір кезде ұялы телефоным шырылдай жөнелді. Шеф екен.
– Иә, тыңдап тұрмын! Бiз атайын, атайын деп қалдық! Сiзден қай жерiнен ататынымызды сұрамаппыз ғой?–деп міңгірледім де, таксилетіп үйге келсем, әйелім басқа біреумен төсекте ұйықтап жатыр! Ия, екі жасар баламмен...Уф, бұған да шүкір! Қуанғанымнан, екеуінің ортасына қойып кеттім!

Мұхтар Шерім
677552

Мұхтар Шерім Жұмашұлы (Бүркеншік аттары: Жебе Садақұлы,Ратқұм МІРЕШ, МұхШЕР, Мен ғой... Жұмаштың жүгермегі.) .Республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.Шона Смаханұлы атындағы сын-сықақ байқауының бас жүлдегері.Бүгінде республикалық "АРА" газетінің арнаулы тілшісі. "Құдағи құшақтай береді", төрт томдық: "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", Быт-шытыңызды шығарамын!" кітаптарының авторы.<…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: