BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира.БАЛЫҚ...ХАЛЫҚ...

–Волга! –дедім.
–Волга, волга, ұзақ өмір сүрейікші, долга, долга! – деді ол салған жерден.

Мемлекеттік сыйлық та, таныс–тамырларға беріледі екен! Ұйқасбай Қиқабаев мемлекеттік сыйлық алғалы бері, енді халықаралық Нобель сыйлығынан да үмітті екен. Оған кез–келген тақырыпты айта салсаңыз болды, сол сәтте ұйқасытырып ала жөнеледі! Керемет тума талант!
Бір күні оған:
–Волга! –дедім.
–Волга, волга, ұзақ өмір сүрейікші, долга, долга! – деді ол салған жерден.
–Пиво! –дедім мен әдейі орысшалап.
–Пиво, пиво! Давай ішіп қойыңдар, живо, живо!
Талант екен!
–Тема!
–Тема, тема, красавица моя жена!
Сұмдық! Қалай тез құрастыра қояды? Айтыс ақындары далада қалады мұның қасында!
–Зима! –дедім мен.
–Зима, зима, аяғыңа ки, қара пима!
Ғажап! Ұлы дала ақыны!
–Машинаның капотын айтамын. Капот!
–Капот, капот, болмасын ешкім апот, апот!
–Апотың не?
–Ұйқас үшін айта салдым. Негізі апат деген сөз.
–Қыздар?
–Қыздар, қыздар, жүргіштерді көрсем, жүрегім сыздар!
–Балық?
–Балық, балық, аман болсын халық.
–Тұз?
–Құз, құз, біреу тиіссе, мұрнын бұз!
–Кіндік?
–Кіндік, кіндік, Қытайда саяси лагердің барын күні кеше білдік.
–Күн шықты?
–Күн шықты, күн шықты, Сириядағы уахабистердің иегіне жүн шықты!
–Нан?
–Нан, нан, нан болмаса болады ғой жаман...
Ақында «мін» жоқ, менде үн жоқ...

Мұхтар Шерім
676738

Мұхтар Шерім Жұмашұлы (Бүркеншік аттары: Жебе Садақұлы,Ратқұм МІРЕШ, МұхШЕР, Мен ғой... Жұмаштың жүгермегі.) .Республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.Шона Смаханұлы атындағы сын-сықақ байқауының бас жүлдегері.Бүгінде республикалық "АРА" газетінің арнаулы тілшісі. "Құдағи құшақтай береді", төрт томдық: "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", Быт-шытыңызды шығарамын!" кітаптарының авторы.<…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: