BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ҚАБАНДАРЫҢЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 

Жаңа жылды күтіп отырғанбыз. Біреу есікті тықылдатты.

Мұхтар ШЕРІМ. ЖАҢА ЖЫЛ АЛДЫНДАҒЫ ӘЗІЛ.


Жаңа жылды күтіп отырғанбыз. Біреу есікті тықылдатты. Есікті еңірете ашып қалсам, Аяз ата мен Ақшақар келіп тұр! Қуанайын деп қалдым да, құлап қала жаздадым. Тұра қашып, әйелімнің артына тығылдым. Тұра қашпағанада қайтейін? Баларымды бөлмелеріне қамап тастадым. Көрмесін! Аяз ата дорбасының бауын ашып, сыйлық бере бастады. Сыйлығын жинап алып, қалтасына салдым да, екеуін де үйден қуып шықтым.
"Не болып қалды?"– деп ойланып қалған боларсыздар? Аяз Атаның таратып жүргені– білім министрлігі мақұлдай жаздаған мүшеқаптар... "Балаларыңызға сыйлық, ертең мектепке барғанда керек болады, жыртып алмаңыздар!"деп қояды. Ал... ал, Ақшақар болып келген кім дейсіздер ме? Сәукеле киіп, төсін жалаңаштап, жұртты шулатып жүрген Шырын Нарчаева! Түк таппағандай, біздің үйге келе қалғанын айтсаңшы?
Жә, жарайды, осылай қиялдап кетіппін ғой, қазір екі сағаттан кейін біздің үйге Жаңа жыл келеді.Есікті ашып қойдық, дастарханға бәрін тасып қойдық. Сіздерге де Жаңа жыл келеді! Аты– Қабан екен. Қорс-қорс етіп кіріп келгенде, қорқып қалмаңыздар! Қабандарыңыз құтты болсын! Жаңа жылдарыңызбен!

Мұхтар Шерім
677562

Мұхтар Шерім Жұмашұлы (Бүркеншік аттары: Жебе Садақұлы,Ратқұм МІРЕШ, МұхШЕР, Мен ғой... Жұмаштың жүгермегі.) .Республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар және журналистер одағының мүшесі.Шона Смаханұлы атындағы сын-сықақ байқауының бас жүлдегері.Бүгінде республикалық "АРА" газетінің арнаулы тілшісі. "Құдағи құшақтай береді", төрт томдық: "Кешіріңіз, сіз есек емессіз", "Талтайып тұрғым келеді", "Ымбаппа", Быт-шытыңызды шығарамын!" кітаптарының авторы.<…

Өмірбаян
Ұқсас сілтемелер: