BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

Жолдаудың ең маңызды тармағы ұлттық білім беру жүйесі – жазушы

Фото: youtube.com

Астана, BAQ.KZ. Биылғы қазан айындағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауына қатысты еліміз бойынша талқылаулар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жолдаудың маңыздылығы мен оның халық үшін тиімділігі жайында әлемнің ғалымдары мен профессорлары да пікір білдіруде. Соның бірі «Kyodo News» басылымының колумнисті және жазушысы Хироки Сугитаның пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың ұлттық жолдауы өте теңдестірілген және мағыналы саясатты қамтиды. Оның айтуынша, ұлттық табыстың деңгейін көтеру, ұлттық өмірдің сапасын жақсарту және қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін Қазақстанға бұл салаларда жан-жақты саясат қажет. Өкінішке орай, бұл жолдауда әлемдегі ең ірі үшінші экономикамен - Жапониямен ынтымақтастық туралы айтылған жоқ және Орталық Азияға көбірек көңіл бөлінді. Ол Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақ және Шығыс Азия елдерімен сыртқы саяси ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті, алайда мен ол Жапонияны да қосады деп үміттендім.

Қазақстанның 2050 жылға дейін әлемдегі ең ірі 30 елдің қатарына ену туралы ұлттық мақсаты осы жолдауда көтерілген тиісті саясаттарды жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Қазақстан жер аумағы және мұнай-газ қорлары сияқты зор геосаяси ресурстарға ие болып табылады. Н.Назарбаев айқын көрсетіп отырған күшті көшбасшылық, көрші елдермен ынтымақтастық және ұлттық ұмтылыс мақсаттарға жеткізу керек.

Жолдаудың ең маңызды тармағы ұлттық білім беру жүйесі. Президент халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары білім беру қажеттілігін ерекше атап өтті. 4C (creativity, critical thinking, communication skills, and collaborative working) креативтік, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас дағдылары және бірлескен жұмыс жасау жоғары білім беру саласындағы ғаламдық деңгейде айтылады. Жоғары білім берудің 4С халықаралық стандарттары әсіресе жасанды интеллект дәуірінде қажет және елдің болашағын шешеді. Өкінішке орай, тіпті Жапония мен Еуропа сияқты дамыған елдерде де мектептер мен колледждерде білім беру әдістерін жаңа ғасырға лайықты қылып ауыстыруға дайын емес. Консервативті білім беруді қолдайтын бюрократтар мен оқытушылар құрамының арқасында дәстүрлі және ескі білім беру жүйесі көптеген елдерде сақталуда. Осындай ыңғайсыз жағдай дамудың кедергісі болып отыр.

Президент Н.Назарбаев еңбек өнімділігінің жылдам артуыны қамтамасыз ету үшін көптеген экономикалық мақсаттар қойды. Мен осы мақсаттардың маңыздылығы бойынша онымен толықтай келісемін. Дамушы елдер үшін еңбектің жоғары өнімділігі дамыған елдер тобына қосылу үшін қажет. Осыған қол жеткізу жоғары білім сапасына байланысты. Демек, Президент жалпы ішкі өнімнің 10 пайызын білім, ғылым және денсаулық сақтау саясаттарына бөліп отырғаны дұрыс болып табылады.

Жолдауда сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы жою басым саясат тізіміне енгізілді. Бұл ұзақтан бері созылып келе жатқан проблемаларға қатысты қатаң ұстанымы саяси және іскери топтардың ішіндегі қасақана адамдардың жаман әрекеттерінен зардап шеккен қазақ халқын ынталандырады. Ашықтық пен есеп беру қоғамның кез-келген саласы үшін өте маңызды.

Сыбайлас жемқорлықты және көлеңкелі экономиканы жою кейбір кезде жаулардың пайда болуына алып келеді. Сондықтан әділ және айқын соттық тергеу, сондай-ақ ұлттық этика өте маңызды.

Халықаралық қатынастарда Жапониямен ынтымақтастық белсендірек болуы керек. Қазақстанға жапондық инвестициялар әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Бірақ бұл, ең алдымен, Қазақстан тарапы Жапонияның жеке-меншік саласында агрессивті жұмыс жасамайды. Жапония мен Қазақстан бір-біріне алыс орналасқан. Бірақ екі ел, Қытай, Ресей және АҚШ сияқты үлкен мемлекеттермен қоршалған, сондықтан бізде ортақ геосаяси мәселелер бар. Жоғарыда сипатталған геосаяси ұқсастықтар екі елдің арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жаңа жалпы негізге көшуі керек. Қауіпсіздік мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу үшін Жапония мен Қазақстанның сыртқы істер және қорғаныс министрлерінің төртжақты кездесуін өткізуді ұсынамын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер