Жолдауда айтылған тапсырмалар халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған – депутат - Жолдау|07 Қазан 2018, 12:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жолдауда айтылған тапсырмалар халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған – депутат

Фото: 24kz

Мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазан жолдауына қатысты пікірімен бөлісті. Депутаттың айтуынша, Жолдауда айтылған тапсырмалар қазақстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Балаларымыздың білім алуы мен халыққа медициналық қызмет көрсету үшін жағдайдың жасалуы Қазақстанды бұл мәселеде халықаралық стандарттарға жақындатады. Әрине, біз осылайша әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жақындай түсеміз. Нәтижесінде, мемлекеттік саясаттағы өте маңызды міндет - өмір сүру сапасын, деңгейін арттыру мақсаты жүзеге асады. Президенттің Жолдауда айтқан тапсырмаларының барлығы қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталған», - деді Өтемісов берген сұхбатында.

Сондай-ақ, мәжілісмен Жолдау барысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің бір бөлмелі пәтердің бағасы 7 млн теңге деген тұжырымына қатысты ойын білдірді.

«Мен олар баспана бағасын білмейді деп ойламаймын. Әр өңірдегі баға әртүрлі. Әрине, Астананы алсақ, онда 7-10 млн теңгенің айналысында болар, ал басқа облыс орталықтарында сәл төмендеу болуы мүмкін. Бәлкім, соны еске түсіре алмай қалды. Негізінде, әрине Үкімет басшылары бұл бағдарламаны («7-20-25» - автор ескертпесі) құрған кезде, зерттеген кезде, бөлінетін ақшаны қараған кезде бұндай мәліметті қолданған болар деп ойлаймын», - деді Шавхат Өтемісов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер