BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

«Жастарға - инвестиция» атты халықаралық конференция өтеді

Астана, BAQ.KZ. 19-20 қазан күндері Астана қаласында «Жастарға - инвестиция» атты халықаралық конференция өтеді.

Форумды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі, Қоғамдық даму министрлігі, Халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі Азиялық ассоциациясы ұйымдастырады.

"Конференцияның күн тәртібіне жастардың мүдделері мен құқықтарына, проблемалары мен нақты шараларға арналған өзекті сұрақтар талқыланатын болады. Сондай-ақ, қатысушылар жастарға бағытталған мемлекеттік саясат және құқықтық қолдау жағынан тәжірибе алмасатын болады" - дейді ұйымдастырушылар.

Форумға құрамында Парламент, мемлекеттік орган, сарапшылар, зиялы қауым, халықаралық және жастар үкіметтік емес ұйымдар қамтылған әлемнің 35-тен аса елінен өкілдер қатысады.

Маңызды жиында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, Халықты қоныстандыру және дамыту жөніндегі Азиялық ассоциациясының төрағасы, Жапонияның бұрынғы Премьер-Министрі Ясуо Фукуда, Халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентарийлері форумының (ХҚДАПФ) төрағасы Кизо Такеми, ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев және БҰҰ өкілі Ян МакФарлейн және басқалар сөз сөйлейді деп жопарланған.

Одан әрі форум жұмысы жастардың жұмысқа орналасуы, білім, денсаулық сондай-ақ, азаматтық, экономикалық және әлеуметтік мәселелер басқа да көптеген тақырыптар қамтылған панельдік сессия отырыстарымен жалғасатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер