BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"Жас Отан": Жастар жылы – тарихи мүмкіндік

Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауында көтерген тапсырмаларының бірі – 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялау болатын. Осы орайда «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек пікір білдірді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Қазіргі жасалып жатқан жақсылықтың барлығы жастарға бағытталып отыр. 2050 жылдағы Қазақстанды құру және онда өмір сүру мүмкіндігі бізге –жастарға беріліп отыр. Сондықтан да елімізді алғаш рет жастар жылы деп атаудың өзі – жастарға арналған тарихи мүмкіндік», - деді ол.

Оның айтуынша, жастарды материалдық өнімдерді шығаруға ғана емес, заманауи өнімдерді өндіре алатын, бәсекеге қабілетті жастарды дайындау керек.

«Біліктілікті арттыру жағынан «Жас Отан» жастар қанатының тарапынан бірқатар шара жүргізіліп жатыр. Ауылдағы жастарды ағылшын тіліне үйрету, кітапхана жұмыстарын жаңғырту жасап, біліктілігін арттыру сынды шаралар жүргізіліп жатыр», - деді Дәулет Кәрібек «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер