BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жай цехтан ірі кәсіпорынға айналған «Эмиль» компаниясы

Астана, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда орналасқан «Эмиль» ЖШС компаниясы Қазақстандағы сүтті өңдеу және сүт өнімін шығару жағынан ең ірі компаниялардың бірі.

Кәсіпорын тек ел экономикасына қомақты үлес қосып қоймай, «Камышинское», «Опытное хозяйство маслиничных культур», «Воробьев и Ко», «Шемонаихинское», «Шипулин», «Глубочанка», «Дородница» және «Средигорненское» секілді компаниялардың жұмыс істеуіне серпін беретін серіктес. 800-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

Компания 1993 жылы ашылды. Басында базмұлдақ шығару цехы болып ашылған. 25 жыл ішінде технология бірнеше рет өзгеріп, жаңарып, өнім сапасын жаңа дейгейге көтеріп, өнім түрін кеңейтуге ықпал етті.

Ал, сүтті өңдеу 1997 жылы басталды. Кәсіпорын тұрақты түрде дами бастады. Ашымал сү өнімдері 1999 жылдан бастап шығарылады.

2003 жылы ерітілген ірімшік шығарылып, компания жаңа бағытқа көшті. Сол кезде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан ашылған цехты аралап, бағасын берді.

Қазақстандық кәсіпорын жаңа стандарттарға сай. Бүгінде компания сүт өнімінің 120 және балмұздақтық 100-ден астам түрін шығарады. «Эмиль» ЖШС-ның сүтті өңдеу өндірісі күніне 180 тоннаға дейін жетті.

Кәсіпорынның негізгі міндеті – 2022 жылға дейін еңбек өнімділігін және ауыл шаруашылығының өңделген өнімін 2,5 есе ұлғайту.

Сонымен қатар, жылына 65,7 мың тонна сүт өнімін шығару және 50 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жоба іске асса, компания аймақты сүтпен қамтудың 65 % жабады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер