BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тығырыққа тірелдік. Мәжіліс депутаты халыққа тегін пәтер неліктен берілмейтінін айтты Эксклюзив

Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазан жолдауына қатысты пікірімен бөлісті. Депутат Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында тегін баспанаға кезекке тұрудың қажеті жоқ дейді. Себебі, тұрғын үй жетіспейді.

«Кезек жайлы айтсақ, біз бұл кезекпен тығырыққа тірелдік. Азаматтардың көптеген санаттары жеңілдігі бар қандай да бір кезекте болуға құқылы. Дегенмен, тұйыққа тап болдық. Себебі, тұрғын үй жоқ. Бұрын тегін баспана берілетін. Бірақ, олар әрең дегенде берілетін. Кезекте тұрғандардың көбі өмірінде бұл үйге қол жеткізбейді. Бұл дұрыс емес қой... Жалдамалы баспана схемасы бұрын ойлап табылған. Егер кеңестік кезеңді еске алсақ, онда арнайы кезектер болмаған, барлығы жалдамалы баспана еді. Біз алған пәтер жалдамалы болған. Біз оны сата алмайтынбыз, бірақ ауыстыруға құқылы едік. Қазір де бізге осындай тренд келе жатыр. Бұл қалыпты жағдай. Енді кейбіреулер «бізді жеңілдігі бар кезектен айырып жатыр» деп айтуы мүмкін. Бірақ, сен қай кезекте тұрсаң да айырмашылық жоқ. Жалдамалы тұрғын үй деген де жақсы. Тек оны көптеп салу керек. Ал билік қазір коммерциялық баспана, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін баспананың қызығына түсіп кеткен. Бізде әдеттегідей, президент «осыны дамыт» десе болды, барлығы бастаған ісін тастап, екіншісіне кірісіп кетеді. Одан кейін президент «неге бұрынғы жұмысты тастап кеттіңдер?» десе, барлығы бұрынғысына оралады. Шенеуніктердің құрмет көрсетем деп анда-мында ойланбай сенделуі осындай кемшіліктерге әкеледі. Менің ойымша, бұл жұмыс дұрысталады. Депутаттар қазір тұрғын үй мәселесін жан-жақты талқылап жатыр», - деді Павел Казанцев тілшіге берген сұхбатында.

Биылғы Жолдауында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев енді ешкімге тегін пәтер берілмейтінін айтқан болатын.

Бұған дейін депутат «7-20-25» бағдарламасының кемшіліктерін атаған еді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер