BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шаукенова: Президент Жолдауында өзекті мәселеге – өмір сапасын жақсартуға назар аударды

ҚР ҚСЗИ директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Зарема Шаукенова Елбасының кезекті Жолдауы жайлы өз ойын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жаңа Жолдаудың уақыты біздің қазіргі заман тарихымыздағы маңызды күнмен тұстас келді, осыдан 21 жыл бұрын, яғни 1997 жылғы 10 қазанда Н.Назарбаев Қазақстан халқына арналған алғашқы Жолдауын – «Қазақстан-2030» Стратегиясы» бағдарламалық құжатын жария еткен еді. Содан бері жыл сайынғы Жолдау халықтың назарын аударатын құжатқа айналды. Әлеуметтік сауалнамалардың деректері қазақстандықтардың Мемлекет басшысының халыққа Жолдауынан хабардарлығы деңгейі жоғары екендігін көрсетеді. Сонымен қатар, олар Жолдауға үлкен үміт артады, өйткені құжатта қойылған міндеттер орындалады деп күтеді» - дейді Зарема Шаукенова.

Оның айтуынша, Президенттің әрбір Жолдауы барлық деңгейдегі менеджерлер жұмысының тиімділігі бағаланатын елеулі практикалық ұстанымдарға негізделген.

«Халықтың әл-ауқатының тұрақты өсуі, өмір сүру деңгейінің артуы біздің басты мақсатымыз бен міндетіміз болып қалады, ал Президент өзінің жаңа Жолдауында өзекті мәселеге – өмір сапасын жақсартуға үлкен назар аударды. Соңғы бес жылда біз мемлекеттік бағдарламалар мен жүзеге асқан көптеген идеялар жинақтадық, ол өз кезегінде біздің алға жылжуымызға, дамудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді» - дейді ол.

Ол өз пікірінде Елбасының бұған дейін жасаған Жолдауларын бес түрлі тақырыпта саралап берді.

«Біріншіден, бұл бес институционалдық реформаларды және «100 қадам» Ұлттар жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс. Екіншіден, біздің еліміздің инфрақұрылымдық имиджін өзгертетін және бізді жаһандық көліктік-логистикалық тізбектерге біріктіретін «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы. Үшіншіден, білім беру, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасуға бағытталған Үкіметтің барлық бағдарламалық кешені. Төртіншіден, халық үшін кедергілерді жоятын, жайлы өмірге мүмкіндік беретін қоғамды толық сандандыру. Бесіншіден, қоғамдық сананы терең жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру. Қазір қоғамның жетекші компоненттерін тереңдетуге және анағұрлым маңызды өзгерістер жасайтын уақыт. Маңызды мәселелердің бірі қоғамның әлеуметтік құрылымының өзгеруі. Біз ұрпақтардың жүйелік қайта конфигурациясына куә болып отырмыз. Әлеуметтік өмір эпицентріне 90-шы жылдардың соңында, 2000 жылдың басында туылған жастар келді. Миллениал деп талатын ол ұрпақ еңбек нарығына араласып, өздерін сапалы жаңа жағдайларда табу және іске асыру керек. Олардың алған білімі еңбек нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін ұдайы қамтамасыз ете алмайтын проблемаға тап болады» - дейді ҚСЗИ директоры.

Оның айтуына қарағанда біз «кейінге қалдырылған проблемалар» әсерін сезінудеміз.

«90-шы жылдар мамандардың кету кезеңі болғаны белгілі. Мамандардың кәсіби негізі сақталғанымен, жаңа талаптар мен технологиялар экономиканың кадрлық әлеуетін әлсіреді. Бұдан басқа, 90-шы жылдар – туудың төмендеу кезеңі болды, мысалы 1991-1999 жылдар аралығында Қазақстанда 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 21,53 пайыздан 14,57-ге дейін төмендеді. Келесі он жыл қалпына келтіру кезеңі болып, туу көрсеткіші 90-шы жылдардың басындағы дәрежесі дейін көтерілді. Халықтың табиғи өсу қарқыны «демографиялық шұңқыр» және тұтастай қалпына келтіру кезеңі 1991 жылдан 2010 жылға дейін созылды. Егер біз кумулятивтік көрсеткішті алсақ, шартты демографиялық залал шамамен 1,7 миллион адамды құрады. Бұл табиғи өсім 1991 жылғы деңгейде сақталған жағдайдағы көрсеткіш» - дейді Зарема Шаукенова.

Ол қазіргі кездегі білікті мамандардың жетіспеушілігін де осы мәселемен байланыстырады.

«Бұл біздің білім беру жүйеміздің заманауи талаптарға сәйкестігі мәселелерімен ғана байланысты емес, сонымен қатар біз дайындауға болатын жастар санының төмендеуіне де қатысты. 2013 жылдан 2017 жылға дейінгі кезеңде 14-18 жас аралығындағы жастардың саны 4,3 миллион адамнан 3,9 млн. адамға дейін азайған. Яғни, іс жүзінде бұл жарты миллион адамға кеміді деген сөз. Дегенмен, алдағы үш бес жылдық кезеңінде халықтың осы санатының өсуі жалғасады. Сондықтан қазір оны дамытуға инвестиция салуыңыз қажет. Жастар қолдауды қажет етеді. Егер мұны жасайтын болсақ, онда жастардың жаңа толқынынан күткен нәтиже, оның жұмысқа орналасуы, құзыреттілігі, патриотизмі, әлдеқайда маңызды болады және барлық үміттерді ақтайды» - дейді саяси институттың жетекшісі.

Директордың айтуына қарағанда Елбасы «жастар жылы» ұсынысын дер кезінде жасады.

«Мемлекет басшысы халыққа жаңа Жолдауында, Қазақстанда келер жылды «Жастар жылы» деп жариялады, бұл өте уақтылы және болашаққа бағытталған шешім болды. Бірде Елбасы «Мен жастарыма сенемін» деген қанатты сөзді айтты. Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Қазақстанның болашағы біздің жастарымызбен, жоғары сапалы адами капиталдың негізі болатын қазақстандықтардың жаңа буынына деген қамқорлығымен байланысты екендігін тағы бір атап өтті» - дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер