BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

Сенатор Қостанай облысының тұрғындарымен кездесті

Қостанай, BAQ.KZ. Парламент Сенатының депутаты Жеңіс Нұрғалиев Қосатанай облысындағы Қарасу ауданында болып, мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жұртшылыққа түсіндіруге орай бірқатар кездесулер өткізді.

Сенатор аудан активімен, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік саланың мамандарымен және өзге де саланың өкілдерімен кездесті. Жүздесулерде аграрлық секторды мемлекеттік қолдау, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салалаларында еңбек ететін қызметкерлер мен жұмысшылардың мүдделерін қорғау мәселелеріне назар аударылды.

Депутат аудан орталығындағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болып, аймақтағы өзекті мәселелерді талқылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер