BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Нұрлан Әбдіров: Елбасы оңтайландыру арқылы полиция, сот және мемлекеттік қызмет сапасын арттырмақ

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әбдіров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазан жолдауына қатысты пікірімен бөлісті. Депутаттың айтуынша, Елбасы Жолдауда мемлекеттік қызметкерлерді, ішкі істер органдары мен сот мамандарын оңтайландыруға аса үлкен мән берді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы жасалуы тиіс. Әрине, ол бір жылды ғана қамтымайтыны анық. Себебі, бүгінгі күні ол ең ірі мемлекеттік ұйым. Оның штатында кем дегенде 160 мың адам бар. Бұның барлығын трансформациялау оңай болмайды. Себебі, әр полицейдің артында оның отбасы бар. Президент осы блоктағы сөзін тәуелсіздік жылдары 770 полицейдің қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқаны жайлы сөзімен бастады. Елбасы бір жағдай болғанда адамдардың полицияға жүгінетінін еске салды. Ал осы полицейлерді ешкім дұрыстап оқытпайтынына қатысты нақты ескертулер жасалды. Мынадай әңгіме болды: ауылдан келіп, билікке қол жеткізеді. Содан кейін ол бәрі қолымда деп, не істегісі келеді, соны істейді. Сондықтан, президент қажет болса, полицейлерге арналған түрлі оқыту орталықтарының санын қысқартайық, бірақ, сапасын арттырайық деді. Біріншіден, іріктеуді жақсартып, оған білім беру мекемелерін тарту керек. Елбасы оңтайландыру есебінен мамандардың сапасын арттырып, жалақыны көбейте аламыз деп айтты», - деді Әбдіров берген сұхбатында.

Мәжілісмен Жолдауда сот жайлы да сөз болғанын айтты. Оның мәліметінше, президент сот саласының модернизациясын жалғастыру керектігін жеткізді.

«Елбасы осы салада да іріктеуді күшейтуді тапсырды. Сотқа мотивациясы бар, дайындығы жоғары адамдар келуі керек. Өз ойымша, бұл халықтың ісіне жауапты екенін түсінетін азаматтар болуы қажет. Президент қазіргі таңда түрлі сот істеріне 3 млн адамның қатысып жатқанын еске салды. Бұл өте үлкен көрсеткіш. Осыған орай, Жоғарғы сот төрағасына осы жылдың соңына дейін сот жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша нақты жоспар ұсыну тапсырылды», - деді Нұрлан Әбдіров.

Мәжіліс депутаты Жолдауда көптеген сұрақтар мемлекеттік қызметтерді жетілдіруге қатысты болғанын айтты. Қазан жолдауында мемлекеттік қызметкерлерді оңтайландыру, олардың санын қысқарту жайлы да айтылды. Бұл өз кезегінде еңбек өнімділігін арттыру үшін жасалып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер