BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мәжіліс депутаттары ауылдарды аралайды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаттары ертеңнен бастап 27 қазанға дейін ел өңірлерін аралайды. Бұл жайында төменгі палатаның жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты.

«Мәжіліс бюросының шешіміне сәйкес, депутаттар ертеңнен бастап 27 қазанға дейін өңірлерді аралайды. Бұндағы біздің басты мақсатымыз – президент Жолдауының негізгі мәселелерін халыққа жеткізу және әрине әр сайлаушыға бұл стратегиялық құжаттың өзекті тұстарын түсіндіру. Халыққа Жолдаудың қалай жүзеге асатынын, заңнамалық жағынан қандай қолдау көрсетілетінін жеткізу аса маңызды», - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс төрағасының айтуынша, депутаттардың халықпен дәстүрлі кездесулері облыс орталықтарында ғана өтпейді. Осы жолы да аудан орталықтары мен ауылдық елді мекендерге басымдық беріледі. Өңірлерді аралау барысында жастармен, еңбек ұжымдарымен, жалпы ауыл тұрғындарымен жүздесу жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер