BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылжарлық ұстаз: Ұстаздардың статусын көтеру – маңызды мәселелердің бірі

Фото: Автор

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын Қызылжар халқы бір адамдай жұмыла тыңдады, деп хабарлайды «Baq.kz» аймақтағы тілшісі.

Дәрігер, мұғалім, мемлекеттік қызметші, кәсіпкер және тағы басқа салалардың мамандары Петропавлдағы «Қазақстан» кинотеартында басқосты. Бір адамдай жұмылған қызылжарлықтар Елбасы Жолдауын тыңдады. Жиынға Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Бахытжан Тұрсынов та қатысты. Жас та болса, ізденімпаз, жаңашылдыққа бейім маман саяси маңызды құжатта білім саласы төңірегінде айтылған мәселелер көңіліне жақын келгенін айтады.

«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жылсайынғы Жолдауын тыңдадым. Президент Қазастанда болып жатқан өзгерістерді ары қарай дамытып, оларды тың толықтыруды көздейтіндігін білдірді. Білім беру саласының қызметкері ретінде Ұлт көшбасшысының жастарға деген көзқарасы ұнады. Бүгінгі күні жастардың арасында диплом үшін оқып, қоғамға ешқандай пайдасын тигізбей жүргендер бар. Бұл өте өзекті проблема деп есептеймін. Елбасы халықаралық дәрежедегі түрлі әдістемелерді қолданып жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім бағдарламасын орта мектептерге енгізуді ұсынды. Осы мектептің мұғалімі ретінде қазір біз балаларға озық үлгілі әдістемелер арқылы білім беріп жатқанымызды айта аламын. Әлемге әйгілі Оксфорд, Кембридж сынды университеттермен әріптестік жасаймыз. Ұстаздардың статусын көтеру – маңызды мәселелердің бірі. Мұғалім – тек білім бері үрдісіне қатысы жоқ жұымстарға тартылмауы тиіс. Осы сала мамандарының жалақысының көтерілетіндігі мені де, барлық ұстаздар қауымын да қуантқаны белгілі», - деді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер