Қызылорда облысында тұз өндіретін зауыт ашылады - Жолдау|28 Тамыз 2018, 09:05
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қызылорда облысында тұз өндіретін зауыт ашылады

Келер жылдан бастап Қызылорда облысында тұзды өндіру,өңдеу және байыту кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, бұл жобаның құны 2,9 млрд теңгені құрайды. Бастапқыдағы жоспарланған қуаттылық 100 мың тонна, болашақта-300 мың тонна болады деп күтілуде.

Жаңа өндіріс құрылыста 100 жұмыс орнын және зауыт жұмысында 500 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жұмыстың геологиялық барлауымен айналысатын «BSK Қаратау» ЖШС жүзеге асырады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер