BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қытай Елшілігі Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыруға белсене қатысуға дайын

Фото: Қазақстандағы ҚХР елшісі

Астана, BAQ.KZ. Биылғы қазан айындағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауына қатысты еліміз бойынша талқылаулар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жолдаудың маңыздылығы мен оның халық үшін тиімділігі жайында әлемнің ғалымдары мен профессорлары, саясаткерлері де пікір білдіруде. Соның бірі, еліміздегі Қытай Халық Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяоның пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын жариялады. Қазақстан Президенті елдің әлеуметтік-экономикалық даму болашағы мен әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі жариялаған мазмұны-терең, мақсаты-айқын Жолдауы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық көзқарасы мен көшбасшылығын айқын көрсетеді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан берідегі 27 жыл ішінде, Президент Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстанның қоғамында тұрақтылығы сақталып, экономикасы қарқынды дамып, халықтың өмір сүру деңгейі көтеріліп, елдің халықаралық аренадағы беделі күн сайын артып, дамудың жарқын болашағына жол ашты. Қытай дос, әрі көрші ретінде Қазақстанның жеткен жетістіктері үшін шын жүректен қуанышты.

Соңғы жылдары ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің және Президент Н.Назарбаевтың жеке басшылығымен Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси өзара сенім мен қолдау одан әрі нығайып, екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық тереңдей түсіп, бірлесе құрған «Бір белдеу, бір жол» бағдарлама аясындағы өндірістік нысандар саласындағы ынтымақтастық өзінің нәтижесін көрсетіп, екі елдің ортақ дамуына айтарлықтай ықпал етті. Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасы Елшілігі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы кезіндегі келесі бес аспектілерді іске асыруға және Қазақстанның дамуына нақты іс-әрекеттерімен белсенді қолдау көрсетуге дайын.

Біріншіден, Қазақстандағы негізгі қалалар мен аймақтың құрылысын қолдау. Мемлекет басшысы Жолдауында, аймақтық және қалалық инфрақұрылымды жүйелі түрде дамытуды және урбанизацияны басқарудың жаңа жоспарын әзірлеуді ұсынды. Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесін беріп, ал Түркістан қаласында "TURKISTAN " арнайы экономикалық аймақ құрылды. Бұл Қазақстанның оңтүстігіндегі кең аумақтарды дамытуға үлкен тарихи маңызы бар. Осыған орай жақын арада мен Шымкентке және басқа да өңірлерге жұмыс сапармен барып, жергілікті өкімет мекемелерін аралап, оңтүстік өңірдің даму қажеттілігін түсініп, екі ел арасындағы іскерлік байланыс және жобалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал көрестуді жоспарлап отырмын. Қазіргі уақытта қытайлық компаниялар Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асыруда. Сонымен қатар, Түркістанда түйе сүтінен дайын ұнтақ шығаратын Қазақстан мен Қытайдың бірлескен «Golden Сamel group LTD» зауытының құрылысы толық аяқталды.

Екіншіден, Қазақстанды шикізаттық емес сектор салаларын дамытуды қолдау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауы кезінде ұлттық экономиканың дамуына экспортқа бағытталған өңдеуші кәсіпорындарды қолдау және қазақстандық өнімдерді халықаралық нарыққа шығаруға қолдау көрсету керек екенін атап өтті. Қытай - Қазақстанның жақын көршісі және әлемдегі ең ірі тұтыну нарығы болып табылады. Қазақстан Қытайға экспортты кеңейтуде ерекше басымдылыққа ие. Қазіргі уақытта Қытайлық компаниялар Қостанай,Солтүстік Қазақстан және басқа да облыстарында, экспортқа бағытталған Қазақстанның өңдеу кәсіпорындары,соның ішінде заманауи автомобиль жинау және өндірістік зауытты, астық және майлы дақылдар өңдеу өнеркәсіптермен ынтымақтастықта. Оның өнімдерінің көбісі Қытайға және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне сатылып, Қазақстанға зор экономикалық пайда әкелуде. Сондай-ақ бул жобалар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарапынан жоғары бағаланды. Болашақта Қытай Елшілігі Қазақстан мен Қытай арасындағы әлеуетті ынтымақтастықты нығайтуға жағдай жасап, Қазақстанға неғұрлым озық және жасыл өндіріс қуатын енгізуге, Қазақстандағы үшінші индустриялық революцияға демеу көрсетуге, өнеркәсіпті жаңғыртуды жүзеге асыруды, экспорттық әлеуетті дамытуға, «Қазақстанда жасалған» жоғарғы сапалы өнімдері әлемдік деңгейге шығаруға қолдау көрсетеді. Болашақта Қытай Елшілігі екі ел үшін аймақтық екі жақты прагматикалық ынтымақтастықты нығайтуға,Қытаймен ынтымақтастық үшін Қазақстанның әрбір өңірінің аймақтық артықшылықтары мен қосымша артықшылықтарын анықтауға, негізгі қалалардың кластерін дамытуға жәрдемдесіп жергілікті халықты жұмыспен қамтуға және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпалын тигізуге дайын.

Үшіншіден, жоғары технологиялық және инновациялық салаларды дамытуда Қазақстанды қолдау. Жолдауда Мемлекет басшысы инновация мен «болашақ экономика» дамуына ерекше назар аудару керектігін атап өтті. Соңғы жылдары Қытай да, Қазақстан да технологиялық инновацияларға және инновациялық экономиканы дамытуға үлкен назар аударуда. Осы салада өзара тәжірибе алмаса отырып, екіжақты оқу қос тарапқа да аса тиімді. Қытай Қазақстанмен бірлесе отырып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде орналасқан алғашқы супер есептеуіш орталығын құру жұмыстарын жүргізуде.

Қытай Елшілігі заманауи агротехнологиялар, биомедицина, жасанды интеллект, үлкен дерек көздері, электронды тауар бағытында өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға, ғылыми зерттеулер мен инновациялық мүмкіндіктерді бірлесіп жетілдіруге, жоғары технологиялық индустрияландыру мен нарыққа шығуды жеделдетуге және екі елдің экономикалық дамуын негізге ала отырып, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға дайын.

Төртіншіден, туризмді дамытуда Қазақстанды қолдау. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолдауда ішкі және сыртқы туризмді қарқынды дамыту керектігін атап көрсетті. Қазақстан –табиғаты өте әдемі, туристік ресурстарға бай ел. Соңғы жылдары Қазақстан үкіметі туристік ортаны жақсарту бойынша жаңа шараларды үнемі енгізуде. Атап айтқанда, өткен жылы Астанадағы арнайы ұйымдастырылған «Әлемдік ЭКСПО» көрмесі, «Қазақстандағы Қытай туризм жылының» сәтті аяқталуы, көлік қатынастары және туристік инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, сондай-ақ Қазақстанға саяхат жасау үшін көптеген қытай туристерін қоса алғанда, бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды.

Біз екі елдің туризм салалары және кәсіпорындары арасында өзара алмасуларды нығайтуға, мемлекетаралық туризмді дамытуға, екіжақты визалық саясатты зерделеп, халықаралық туризмді кең көлемде жүзеге асыруға қажетті жағдайларды жасауға дайынбыз.

Бесіншіден, Қытай мен Қазақстан жастары арасында алмасу жүргізу. Мемлекет басшысы өз үндеуінде, әлеуметтік-рухани жаңғырту үдерісін дамытуды, жастарды жан-жақты қолдауды және 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Жастар - елдің болашағы және Қытай-Қазақстан достығының мұрагерлері.

Қытай Елшілігі «Жастар жылы» іс-шараларына белсене қатысуға және қытайлық және қазақстандық жастар арасында түрлі сала бойынша алмасуды ынталандыруға, осы іс-шара аясында екі елдің тиісті ведомстволары, университеттері мен үкіметтік емес ұйымдары «Жастар алмасу лагері» сияқты түрлі іс-шараларды бірлесе жүргізіп, екі тараптан жастарды бір-бірінің тілін үйренуге, «Вичат» және басқа да онлайн әлеуметтік платформалар арқылы жақсы дос болып, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық алауын ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруға ниетті.

Қазіргі уақытта Қытай мен Қазақстан дамудың маңызды кезеңінде. Қытай 2049 жылға дейін қытай ұлтының қайта өркендеу жолында «Қытай арманын іске асырса, Қазақстан 2050 жылы әлемдегі дамыған 30- елдің қатарына ену мақсатына жетеді. Екі елдің стратегиялық мақсаттарға жетудегі уақыттық нүктелері ұқсас, мүдделері бір.

Қазақстандағы Қытай Елшісі ретінде, өз атымнан және Қытай елшілігі атынан екі елдің ортақ дамуына жәрдемдесуге, екі мемлекет тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және Қытай мен Қазақстан арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейде үздіксіз дамуына ықпал етуге бар күш-жігерімді жұмсауға дайынмын.

ҚР-дағы Қытай Халық Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяо


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер