BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазан Жолдауы: Елдегі ең төменгі жалақыны көтеру үшін қанша қаражат бөлінеді?

Фото: ашық дереккөзден

Астана. BAQ.kz тілшісі. Қаржы министрі Әлихан Смайылов Елбасы Жолдауында айтылған міндеттерді орындау үшін 1 трлн 288 млрд теңге бөлінетінін айтты.

«Алдағы үш жылда Президенттің Жолдауындағы міндеттерді орындауға 1 трлн 288 млрд теңге қарастырылған. Яғни ең төменгі айлық жалақыны көтеру үшін 85,8 млрд теңге бөлінеді. Тиісінше, бұл қаражат 275 мың қызметкерлердің айлығын өсіруге бағытталады. Өңдеу өнеркәсібі мен экспортты ілгерілету үшін 500 млрд теңге бөлінеді. Ол қаражаттың 322 млрд теңгесі - Ұлттық қор мен Республикалық бюджеттен бұрын бөлініп, қайта пайдаланылып жатқан қаражат. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін үш жылдың ішінде 90 млрд (яғни, жылына 30 млрд теңге) бөлу қарастырылған», - дейді министр бүгінгі Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Сонымен қатар ведомство басшысы алдағы бес жылда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2 млн адамды үймен қамту үшін 77 млн шаршы метр баспана салынатынын, әрі қосымша жалға берілетін үйлердің құрылысына 30 млрд теңге бөлінетін мәлім етті.

«Бұл 250 мың отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Білім нысандарын салу үшін үш жылда 50 млрд теңге бөлу көзделген. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар мектептегі психологтардың жұмысын күшейтуге 16,8 млрд теңге қарастырылады. Ол үшін жылына 5,6 млрд теңгеден бөлінбек», - дейді министр.

Сондай-ақ Әлихан Смайылов агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін үш жылдың ішінде 300 млрд теңге (жылына 100 млрд теңге) бөлінетінін айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер