Қазан Жолдауы: Әкімдіктерге баспана үшін бастапқы жарнаны субсидиялау тапсырылды  - Жолдау|05 Қазан 2018, 12:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазан Жолдауы: Әкімдіктерге баспана үшін бастапқы жарнаны субсидиялау тапсырылды 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі Жолдауында қазақстандықтардың баспаналы болуы үшін қабылданған бағдарлама аясында жұмыс жүргізілмей жатқанын сынады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Өмір сүру қолайлылығы үшін не қажет? Біріншіден, бұл баспана қолжетімділігі сапасын арттыру. Қазір біз тұрғын үй құрылысына үлкен серпін алып келген «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын сәтті жүзеге асырып жатырмыз. Тұрғын үй ипотекасын дамытатын «7-20-25» әлеуметтік бағдарламасын қолға алдық. Ол бағдарлама отбасында екі адам жұмыс жасайтын болса, баспана ипотекасын рәсімдеп, несие төлеуге мүмкіндік береді», - деген Елбасы аталған бағдарлама талаптарының жеңілдігіне тоқталып өтті.

Елбасы осы күнге дейін бағдарлама бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілмей жатқанына ескерту жасады.

«Небәрі екі мың өтінім мақұлданған. Бұл не? Пәтер алуға ниеттілер жоқ па, әлде басқа бір мәселе бар ма? Қаражат жайын шештік, мемлекет жауапкершілікті өз мойнына алып отыр. Азаматтар баспана құнының бастапқы 20% таппай отыр ма? Бір бөлмелі пәтер шамамен 7 млн теңге тұрса, бастапқы жарнасы 1,4 млн теңгені төлей алады ғой. Жұмыс жүргізіп жатқан жоқпыз. Үкімет жұмыс жасап жатқан жоқ. Әкімдіктер жұмыс жасап жатқан жоқ. Барлық әкімдерге қаратып айтамын, адамдардың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін сендерге тағы не қажет?», - деді Президент.

Мемлекет басшысы баспана бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жыл соңында әкімдердің жұмыс жүргізу көрсеткіші болатынын мәлімдеді. Президент Астана қаласы әкімі қызметінде болған Әсет Исекешевтің жергілікті бюджеттен жеңілдікті ипотека үшін бастапқы жарнаны субсидиялауды қарастырғанын үлгі ретінде атап өтті.

«Бұл мұғалімдерге, полицейлер, дәрігерлерге, барлығына баспаналы болуға мүмкіндік жасау. Мүмкін ол азаматтарда дәл сол сома жетпей тұрған болар. Облыстарда осыны жүзеге асыру мүмкін бе? Біз сіздерге (әкімдерге – агенттік ескертпесі) барлық соманы өздерің төлеңдер деп отырған жоқпыз. Тек бастапқы жарнаны ғана, тек жетпей тұрған кішкене бөлігін ғана. Азаматтарға қол ұшын созуға мүдделі болу керек, көмектесуге ниетті болу керек. Астана дәл осылай істеді. Солардан үйреніңіздер», - деді Елбасы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер