BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазан Жолдауы: 100-ден астам «серпіндік» Павлодарда бас қосты

Фото: автор

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздегі 20 жоғары және арнайы оқу орындарында «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 100-ден астам студент «Мені шыңдаған «Серпін» кәсіби шеберлік байқауында бас қосты. Мақсат – Елбасы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді орындау үшін жастарды жұмыспен қамтуға сеп болып, еңбек етуге ынталындыру.

Республикалық байқау С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өтті. Жарысқа көбінесе техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Болон процессі және академиялық ұтқырлық директорының орынбасары Айбек Мұқатаевтың айтуынша, байқау студенттерді біліктілігін анықтау және жұмыс берушілерге болашақ мамандарды таңдап алуға мүмкіндік беруді көздейді.

«Серпін» әлеуметтік жобасы үш жыл бұрын бастау алғаны белгілі. Оның мақсаты - еңбек күші көп аймақтардан, атап айтқанда, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарынан мамандар жетпейтін аймақтарға жастарды тартып, білім беру. Сонымен қатар, өңірлерде кадр тапшылығын жою. Бүгінде елімізде 16 мыңға жуық ұл-қыз бұл әлеуметтік қатысып жатыр. Павлодар облысында 1200-ге жуық студент жоғары білім алып жатса, 445 бала техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқып жүр», - дейді Айбек Мұқатаев.

Фото: автор

Былтырғы жылы «серпіндіктердің» алғашқы легі жоғары оқу орындарын тәмамдады. Педагогика кадрларының 60%-ы жұмысқа орналасып, білім алған жерлерінде тұрақтап қалған.

«Серпін-2050» бағдарламасы шеңберінде университетімізде еліміздің бе облысынан келген 500-ден астам студент жиырма мамандық бойынша білім алады. Биылғы жылы 200-ден астам жас оқуын тәмамдайды. Павлодар облысының әкімдігі мен кәсіпорындардың атсалысуымен түлектерді жұмыспен қамту мақсатында Жол картасы жүзеге асырылуда», - дейді С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметова.

Байқау нәтижесінде 10 студент үздік атанды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер