BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.33 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.68 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.92
Астана:

Қазақстан 20 жылда тарихи маңызды реформаларды жүзеге асырды – Кей Карасава

Фото: youtube.com

Астана, BAQ.KZ. Биылғы қазан айындағы Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауына қатысты еліміз бойынша талқылаулар мен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жолдаудың маңыздылығы мен оның халық үшін тиімділігі жайында әлемнің ғалымдары мен профессорлары да пікір білдіруде. Соның бірі, Халықаралық зерттеулер институтының деканы, «Ritsumeikan» университетінің Құрметті профессоры, Доктор Кей Карасаваның пікірін оқырман назарына ұсынып отырмыз.

2018 жылғы қазандағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие және, менің ойымша, жаһандық жүйе мен халықтың әл-ауқаты көптеген қиындықтар мен қақтығыстарға ұшыраған қазіргі кезде ерекше маңызды. Осыған байланысты қазіргі жолдау Қазақстанның қарқынды дамуына негізделген қазақстандықтардың әл-ауқатының артуына: табыс пен өмір сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Президенттің атап өткеніндей, Қазақстан 20 жыл ішінде құрылымдық, конституциялық және саяси салаларда сапалы және тарихи маңызды реформаларды жүзеге асыруға қол жеткізді. Қазақстан ішкі және сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарсы тұру үшін және одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін әлеуметтік-экономикалық жүйені және өмір салтын реформалауға талпынғаны жоғары бағаланады. Сондықтан қазақстандық азаматтардың әл-ауқатын жақсарту, өмір сүру сапасы мен табыстың артуы сияқты бірқатар күрделі міндеттерді қою туралы Президенттің шешімі жақсы болып табылады.

Мен Президенттің елді жаңғырту үшін тиісті саяси бастамаларды ұсынғанын ерекше атап өткім келеді. Президенттің соңғы жолдауы 2018 жылғы қаңтардағы жолдаумен бірге оқылса маңыздырақ болар еді. Егер жарияланған Қазақстанды үшінші жаңғырту және индустрияландыру бағдарламасы және қабылданған цифрлы Қазақстан кешенді бағдарламасы сәтті іске асырылса.

Жолдауда айтылғандай, қарқынды өзгеріп жатқан жаһандық жағдайларды мойындай отырып, Президент Н.Назарбаев азаматтарға бағытталған мемлекеттік қызмет пен тиімді сыртқы саясат сияқты бірқатар саяси бастамаларды жүзеге асырады. Жаһандық қауіпсіздік жүйесінің негіздері және халықаралық сауда ережелері қатты шайқалуда. АҚШ, Қытай және Ресей сияқты ірі мемлекеттердің арасындағы саяси-экономикалық қайшылықтар мен қақтығыстар, миграциялық мәселелер мен Таяу Шығыс шатыстылығына байланысты Еуропадағы саяси шиеленістің күшеюі жаһандық жүйенің іргетасын бұзудың негізгі факторлары ретінде әлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіруде. Осыған орай, халықаралық қауымдастық еркін сауда мен жаһандық деңгейде ашық экономикалық жүйені қорғауға, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты бұзылу мен жойылуына жол бермеуі тиіс.

Жапония мен Қазақстан ортақ мүдделер мен ұстанымдарды бөлісе отырып, ғаламдық тұрақтылық үшін ынтымақтастықтың әлемдік желісін бұзуға қарсы бірлесіп әрекет етуде. Екі ел көптеген бірлескен бастамаларды мемлекеттің ішінде жүзеге асыруға болатын ерекше ұстанымда тұр. Жапония Президент Н.Назарбаев ұсынған жолдаудың кейбір тармақтарын сәтті жүзеге асыру үшін Қазақстанмен сындарлы ынтымақтастықты орната алады. Жапония Қазақстанға медициналық, денсаулық сақтау және басқа да халыққа қамқорлық көрсету, экологиялық, ғылыми, технологиялық және білім беру саласында, сондай-ақ, экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастық саласында жасанды интеллект, заттар интернеті және басқа да инфокоммуникациялық қызметтер сияқты өмір сүруге байланысты бірнеше салаларда нақты ынтымақтастықты ұсына алады.

Жапонияның экономикалық міндеттемесі мен Қазақстанға салынған қаржы инвестициялары сұраныс өсіп келе жатқан уақытта жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Дегенмен, Жапонияның ірі бизнес және жеке секторлары Орталық Азияға өз көзқарастарын өзгерттіп келеді, бұл ахуалдың жаһандық өзгерісін көрсетеді. Яғни, Жапонияның бизнес секторы Н.Назарбаевтың бастамасымен іске асырылып келе жатқан «Ұлы Еуразия Тұжырымдамасына» түбегейлі көзқарас алуына ынталандырылды.

Осы мақсатқа жету үшін жапон капиталын, дағдыларын және білімін енгізу арқылы Қазақстандағы жағдайды жақсарту сұралады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер