BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Қайрат Закерияұлы: Елбасы Жолдауы әр қазақстандықтың жүрегіне жетті

Астана, BAQ.KZ. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауымен Көкшетау қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұжымы да танысып шықты. Саяси маңызды құжатта әрбір қазақстандық отбасына қатысты білім берудің, денсаулық сақтау саласының, тұрғын үй сапасы, қолжетімділігі мен жайлылығы, қауіпсіз жағдайда өмір сүру мәселелері кеңінен қарастырылған.

Оның әр тармағын мұқият оқыған мектеп мұғалімі, тәжірибелі педагог Қайрат Закерияұлы Елбасы өз Жолдауындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру бағдарламасын жалпы орта мектептерге енгізу туралы ұсынысы – еліміздің білім беру саласын жаңа белеске шығартынына сенімді. Бүгінде дербес білім беру ұйымы әлемдік статусқа ие Кембридж, Оксфорд университеттерімен әріптес.

«Біздің мектептің миссиясы – мәдениетаралық түсіністік, үздіксіз білім алуға және жоғары адамгершілік құндылықтарды дамытуға бағытталған Зияткерлік қоғам мүшелерін тәрбиелеу. Әрине, барлық білім ордалары Зияткерлік мектептерінің оқыту бағдарламасын негізге алса, еліміздегі білім беру сапасы айтарлықтай артады деген ойдамын. Ал, педагогтардың мәртебесі туралы заңның қабылданатыны Жолдаумен танысқан барлық әріптестерімнің көңілінен шықты десем артық айтпағаным болар. Сондай-ақ, Елбасы балалар қауіпсіздігінің маңыздылығын ескеріп, бүкіл мектептер мен балабақшаларды бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етуді, мектеп психологтарының жұмысын күшейтуді және басқа да дәйекті шараларды жүзеге асыруды тапсырды. Жалпы айтқанда, Жолдаудағы әр тапсырма қазақстандықтардың жүрегіне жеткеніне сенімім мол», - деді стратегиялық құжат жайында ой бөліскен педагог.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер