BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халық полиция жұмысының түбегейлі жақсарғанын қалайды – министр

Астана. BAQ.kz тілшісі. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Қызылорда облысында Елбасы Жолдауын түсіндірді.

Жұмыс сапары барысында ведомство басшысы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев кездесіп, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді қалай жүзеге асыру қажеттігін жайында және Президент әкімшілігімен бірге әзірлеген полиция жұмысын жаңғырту жөніндегі жол картасын әзірлеу туралы өзара пікір алмасты.

Жол картасы Ішкі істер министрлігіндегі қызметкерлердің штаттық санын оңтайландыру, басқарушы құрамның қысқаруы, полицияны артық функциялардан арылту, оның қызметін бағалау талаптарын түбегейлі өзгерту және оның жұмысын сервистік модельге көшіруді көздейді.

Сонымен қатар министр өңірдегі ішкі істер, төтенше жағдайлар және қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің қызметкерлерімен кездесіп, аталған саладағы өзгерістерді халық қалап отырғанын атап өтті.

«Президент құқық қорғау органдарының жұмысында терең сапалы өзгерістердің қажет екенін айтты. Қоғам біздің жұмысты түбірімен жақсарғанын қалайды. Қоғам тарапынан полицияға сенімділік деңгейінің артуы және тұрғындардың қауіпсіздігі - полиция жұмысының басты өлшеуіші болып саналады» - деді Қасымов.

Сондай-ақ ведство басшысы Қырымбек Көшербаев бірге жол картасы шеңберінде Ішкі істер министрлігі, «Зерде» ұлттық холдингі және облыс әкімдігімен бірлесе бекіткен «112 бірыңғай кезекші қызмет» пилоттық жобасын зерделеді. Аталған жоба Астана қаласы мен Қызылорда облысында сынақтан өткізілмек. Ол бойынша «112» бірыңғай кезекшілік қызметі операторлардың қоңырауларын қабылдап, нақты бағыттағы диспетчерлермен байланыстырады 101, 102, 103, 104, 112.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер