BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ертіс өңірінің шаруа қожалықтары жұмысшылардың жалақысын 30% көтере бастады

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің шаруалары Елбасы Жолдауына үн қосып, жұмыскерлерінің жалақысын өсіре бастады.

Мемлекет басшысының жалақыны көтеру бастамасын алғашқылардың бірі болып Павлодар ауданының шаруа қожалықтары қолдады. Жаңа қала ауылындағы кәсіпорынның 100-ге жуық маманының айлығы бірден 30%-ға ұлғайды.

24 жасарАрдақ Қажат басшылық ететін шаруашылықта ірі қара малдың 1500 басы өсіріледі. Олардың 600-ден астамы – сауынды сиырлар. Бүгінде еңбекқор жандар тұтынушыларына күнбе-күн 8 мың литр сүт тасымалдайды. Ардақ Қажаттың айтуынша, бүгінде шаруа қожалығыны экономикалық жағдайы тұрақты, сондықтан, жұмысшылар айлығын көтеруге барлық мүмкіндік бар.

«Біздің шаруашылық 20 жыл бұрын құрылды. Кәсібімізді 60 сиырдан бастадық. Бүгінде гүлденіп, түрленіп жатқан жайымыз бар. Сиыр сауу ісі толық автоматтандырылған. Заманауи техниканы қолданып жатырмыз. Қарамағымызда мал азығы өсірілетін 5 мың гектарлық жеріміз бар. Мемлекет қолдау көрсетпесе, осындай дәрежеге көтерілмес едік. Қазіргі таңда мал азығы, жаңа техника мен сүт үшін субсидия алып отырмыз. Соның арқасында техникалық паркімізді жаңартып, жас мамандарға тұрғын үй салып бердік», - дейді Ардақ Қажат.

Айта кетерлігі, кәсіпорын басшылығы мамандардың әлеуметтік төлемдерін, атап айтқанда, зейнетақы, медициналық сақтандыру және салықтарын өз мойнына алған.

«Осы шаруашылықта еңбек еткеніме 10 жылдан асты. Бас мал өсіруші болып жұмыс істеймін. Биылғы жылы жалақымыз өсіп, қауанышымызда шек жоқ. Қазір айлығым 125 мың теңгеге жетті. Ауыл тұрғындары үшін жақсы қаржылық қолдау», - дейді мал өсіруші Сағадат Сүйініш.

Бүгінде облыстағы шағын және орта бизнес өкілдері де жұмысшыларының жалақыларын өсіре бастады. Нақтырақ айтқанда, 10-ға жуық жүйеқұраушы кәсіпорын минималды еңбек алатын мамандардың жалақысын өсірді. Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді орындау шеңберінде облыстың 130 мың тұрғыны қаржылық демеу көрмек. Бірнеше күн бұрын гофоротара зауыты да кадрларының айлығын ұлғайтып, бір қуантты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер