BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіледі

Астана. BAQ.kz тілшісі. ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Елбасы Жолдауын көрсетілген міндеттер Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға серпін беретінін мәлім етті.

Министр Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің кезекті рейтингісінде Қазақстанның 140 елдің ішінде 59 орынға ие болғанын (Үндістан – 58 және Колумбия – 60) айтты.

Аталған рейтингте қазақ елі 2017 жылы да сол орыннан көрінген.

12 бәсекеге қабілеттілік факторы бойынша еліміз бес фактор бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізсе, төрт фактор бойынша ойдағыдай нәтиже көрсетпеген.

Олар қаржылық жүйе (100 орын), «Денсаулық сақтау» (97 орын), Инновациялық әлеует» (87 орын). Бұл ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индескі бойынша еліміздің аталған салада әлсіз факторға ие екенін көрсетеді. Ал үш фактор бойынша жайғасым өзгермепті.

Осы орайда министр әлсіз салаларда артта қалуды жою үшін Үкімет бірқатар пәрменді шараларды қабылданып жатқанын атап өтті.

«Мәселен, Мемлекет басшысы 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші міндеті аясында аталған салалардағы шығындардың тиімділігін арттыруға екпін бере отырып, білім беру мен денсаулық сақтауды мемлекеттік қолдауды кеңейтуге айрықша назар аударды», - деді Тимур Сүлейменов.

Сонымен қатар ол инновациялық әлеуетті жақсарту мақсатында 2025 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы әзірленетінін, әрі қаржы жүйесіне де баса мән берілетінін жеткізді.

«ДЭФ ЖБИ рейтингінде аталған салада 100 орында тұрмыз. Бұл төмен көрсеткіш. Сондықтан біз Ұлттық банкпен қаржы секторын сауықтыру бойынша шаралар жүргіземіз. Яғни қаржылық жүйені жетілдіру үшін қаржы саласы мен қарызы бар кәсіпорындарды нақты сауықтыру; кешенді инфляцияға қарсы тиімді саясат жүргізу; ұзақмерзімді теңге несиелерінің нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады», - деді министр.

Сондай-ақ Тимур Сүлейменов көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырыла беретінін, әрі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында экологиялық заңнама жетілдірілетінін жеткізді.

«Құқыққорғау органдарының жұмысын түбегейлі жақсарту және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі істер органын жаңғыртудың «Жол картасы» қабылданады. Ол халықпен жұмыс істеудегі жаңа заманауи форматты енгізуді көздейді», - деді ол.

Сөз соңында министр еліміздің экономикалық әлеуетін көтеру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

«Проактивтік сауда саясатын күшейту, қазақстандық экспорттаушыларды қолдау, отандық өндірушілерді қолдауды күшейту шараларын көздейтін экспортқа бағдарланған индустрияландыруға көшу жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау құралдарын және даму институттарының мүлкін түгендеу, жүргізіледі, өңдеуөнеркәсібі мен шикізатсыз экспортты қолдауға қосымша 500 млрд теңге бөлінеді», - деп түйіндеді сөзін Тимур Сүлейменов.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер