BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы биыл жастарға көп көңіл бөліп отыр – Студенттер альянсы

Фото: интернеттен

Қазақстан студенттер альянсының төрағасы Ілияс Түстікбаев Елбасы жолдауының студенттер үшін маңызды қадам болғанын жеткізді, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Елбасы биыл студент жастарға көп көңіл бөліп отыр десем болады. Себебі, жыл басынан бері жарияланып келе жатқан студенттерге арналған қосымша 20 мың грант, студенттерге қосымша 75 мың орындық жатақханалары және бүгінгі күні айтқан білім саласына назар аударуы – өзіміздің студенттердің шетелге оқымай, еліміздегі ЖОО-да оқыту тапсырмаларын атап өту керек. Сонымен қатар, келесі жылды «Қазақстан жастар жылы» деп жариялауды ұсынды. Бұл – дегеніміз студент жастарға керемет мүмкіндік. Себебі қазіргі жастар шетел оқу орындарын таңдап отыр. Сондықтан қазіргі уақытта ЖОО рейтингін жоғарылату, білім сапасын арттыру, қайта даярлау курстарынан өткізу – мұның барлығы ел экономикасын көп шығын келтірмей, сапалы мамандар даярлауға мүмкіндік береді», - деді Түстікбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер