BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бимендина: Халық жыл сайын күтетін құжат – Елбасы Жолдауы

Фото: автор

«Кәсіпқор» холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Әсима Бимендина Елбасының бүгінгі жолдауында көтерілген білім саласына қатысты мәселелердің маңыздылығына тоқталды, деп хабарлайды Вaq.kz тілшісі.

«Бүгінгі жыл сайын халық күтетін үлкен іс-шара, құжат Елбасының халыққа жолдауы деуге болады. Мен көп жылдар ұстаздық салада жұмыс істеп жатырмын. Сондықтан бүгінгі Елбасының білім саласына ЖІӨ 10 пайызына дейін қаражат бөлуі – бұрын болмаған жағдай. Тағы бір айта кетерлігі, педагогтың статусы туралы заң қабылдау. Бұл да – ұстаздардың бұрыннан күтіп жүрген жағдайы. Тағы бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтеру, мектепке білім беру саласының сапасын арттыратын ерекше бағдарлама әзірлеу... бұлардың барлығы білім саласына маңызды. Білім саласына көңіл бөлген мемлекет – өз болашағын ойлайтын мемлекет», - деді Бимендина.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер