BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Этностардың жиналғаны – рухани келісімнің дәлелі

Фото: Автор

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан тәжірибе алмасып, өзара түсіністік және адамдардың рухани бірлігін нығайтуға арналған алаң бола алатынын дәлелдеді. Бұл туралы бүгін елордада Рухани келісім күніне орай өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық иниститутының директоры, профессор Марат Башимов айтты.

"Рухани келісім" күніне қатысуға өте қуаныштымын. Ұлттар мен діндер және бір дінді наслихаттаушылар арасында келіспеушіліктің пайда болуының басты себебі олар қарапайым бір – бірімен сөйлесіп, өз ойларын араға салмағандығы деп есептеймін. Жаңалықтардан білетін болсаңыздар осы диолог жоқтығынан адамдар бір-бірімен соғысып, қатігездікпен өмірлерін қиып жатыр. Сондықтан еліміздегі тыныштықты бағалайық және оны сақтап қалу үшін осы жиындардың өтуі өте маңызды. Осылай біз келер ұрпаққа тәрбие береміз" - дейді профессор.

Сонымен қатар, ол рухани келісім мәселесінде еліміздің жеткен жетістіктерін де атап өтті.

"Өздеріңізде білесіздер, Елбасының Жолдауында да айтылды, біздің болашағымыз – жастардың қолында. Ең басты мақсатымыз да, көздегеніміз де – тәрбиелі, өнегелі ұрпақ. Еліміздің тұрақтылығының арқасында оның барлық саласы дамып, өсіп-өркендеуде. 26 жылдың ішінде осы дәрежеге жеткеніміз – үлкен жетістік. Мұлылмандар, христиандар және еврейлердің бас қосқаны, еліміздегі рухани келісімнің, тұрақтылықтың, түсіністіктің, сыйластықтың бар және бір-біріне қолдау көрсете алатынын көрсетеді" - дейді ол.

Оның айтуына қарағанда, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жиынында да осы жағдайдың талқыланғаны орынды болған.

"Ең бастысы, менің Америкаға барған сапарымда түсінгенім, олар біз сияқты жиналмайды, бар болғаны өз ойларын Facebook әлеуметтік желісінде бөлісіп отырады. Бірақ, Астанада өткен атаулы іс-шараға әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері келгені әлемде осы проблема бар екенін дәлелдейді. Сонда елордамыз әлемдегі басты проблеманың шешілуінде аса маңызды рөл атқарып отыр. Маған заңгер ретінде оңай, себебі біз бірізділікпен жұмыс жасаймыз. Десекте, бұл ұлттық қауіпсіздікті нығайтып, достығымызды күшейте түседі», - дейді Марат Башимов.

Естеріңізге сала кетсек, бір апта бұрын Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері арасында ХІ съезд өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер