BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жүсіпбек Аймауытов жерленген зиратқа туған елдің топырағы жеткізілді

 АСТАНА. 5 қыркүйек. BAQ.KZ – Бүгін қазақ зиялы қауымының ірі тұлғасы, атақты қаламгер, драматург, Алашорда қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың кіндік қаны тамған Баянауыл өңірінен бір уыс топырақ жазушы жерленген Мәскеу қаласындағы Ваганьковский зиратына жеткізілді. Бұл туралы Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандары еске алу күні Павлодар қаласында өткен митингте облыс әкімі Қанат Бозымбаев Алашорда қайраткері Ж.Аймауытовтың сүйегі жатқан зиратқа туған жері – Баянауылдан топырақ апарып, басына дұға оқып, Павлодар облысынан арнайы делегация жіберу туралы бастама көтерген болатын.
Облыс әкімінің бастамасымен Мәскеу қаласына қаламгердің туған жерінен алынған топырақты Павлодар облысының делегациясы: зиялы қауым өкілдері мен жазушының туған-туыстары жеткізді.
Естеріңізде болса, осыдан екі ай бұрын Ресей Федерациясының Орталық архивінен Жүсіпбек Аймауытовтың сүйегі Ваганьковский зиратында «бауырластар қабірінде» (общая могила) жерленген деген жауап-хат келген еді. Бұл үлкен қабірстанда саяси қуғын-сүргін құрбандары жерленген.
Капсуланы табыстау рәсімінде Ж.Аймауытовтың немересі Рима Аймауытова мен ҚР Жазушылар одағының мүшесі, журналист Сайлау Байбосын қаламгер өмірі мен шығармашылығы туралы сөз сөйледі.
Одан кейін павлодарлық делегация Ұлы Отан соғысы жауыргерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
28 Желтоқсан 2018, 08:57
Бүгін менің туған күнім
Пікірлер