BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жыр-айдындағы ақ желкен» атты мүшәйра өтеді

 АСТАНА. 29 қыркүйек. BAQ.KZ – ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және «Құрмет белгісі» орденінің иегері, ақын Ақұштап Бақтыгерееваның 70 жылдығына арналған мүшәйраға қатысушы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерінің шығармашылық еңбектерін бағалау, олардың ақын шығармаларын терең зерделеп, танып-білуін, ақындық қарым-қабілетін, өлеңдерінің поэтикалық қуатын, шеберлігін насихаттау және мәртебесін көтеру.

 «Ақ шағала ақын, Ақжайық жырлар иесі» атанған, қайраткер ақын Ақұштап Бақтыгерееваға арналған жыр сайысына тек қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері ғана қатысады, қатысушылар жасына шек қойылмайды, әр қатысушы Ақұштап ақынға арналған бір өлең, еркін тақырыпқа бір өлең ұсынады. «Жыр-айдындағы ақ желкен» жыр мүшәйрасы Батыс Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бастамасымен 2014 жылғы 16 қазан күні өткізіледі. Мүшәйраға әр аудандық білім бөлімі ең үздік деген 1 мұғалімін қатыстыра алады. Қалалық білім бөлімі және облыстық дәрежедегі мектеп ұжымдарынан да 1 талапкерден артық болмауы керек. Бұл туралы өтініш білім ұжымдары басшысының қолы қойылып, мөрі соғылып, институт директоры атына жіберілуі керек.
Мүшәйраға қатысушылар өз өлеңдерін 10 қазаннан қалдырмай, институттағы мүшәйраны ұйымдастыру комитетіне өздерінің өмірдерегі және түрлі-түсті фотосуреттерімен қоса тапсыруы тиіс.
Мұғалім-ақындардың өлеңдерін өңірімізге танымал қаламгерлерден құрылған әділқазылар алқасы сараптап қарап, бағалайды. Барлық қатысушылар өз туындыларын сахнада оқып сайысқа түседі. Бұл ретте әр қатысушының сахналық әдебі, дауыс мәнері, әртістік қабілеті өлеңнің формасы мен мазмұны, өлеңнің поэтикалық күші, техникасы, көркемдігі, т.б. шеберлігі есепке алынады. Мүшәйраға қатысты сұрақтар болса, 87112237527 және 87112241370 телефондарына хабарласуға болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер