BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлыбританияда қазақ жазушысының қойылымы аншлагпен өтті

 АСТАНА. 10 сәуір. BAQ.KZ – Лондонда Дулат Исабековтың «Транзит жолаушы» атты пьесасы бойынша спектакль көрсетілімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ҚР СІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Лондонда Қазақстан Елшілігінің қолдау көрсетуімен Қазақстанның мәдениет Күндері өтіп жатыр. Олардың шеңберінде лондондық “Lion & Unicorn” театрында алғаш рет Дулат Исабековтың «Транзит жолаушы» атты пьесасы бойынша спектакльдің көрсетілімі болды. Алғаш көрсетілім толық аншлагпен өтті. Ағылшындық актерлер Кэти Тривилиан және Марк Стантон басты рөлдерді орындады. Қазақ әдебиетінің туындысын британдық оқудың ерекшелігі және актерлердің шебер ойыны залда отырғандардың ешқайсысын да селқос қалдыра алмады. Алғаш көрсетілім британдық көрермендердің сүйіспеншілігіне ие болды. Олардың пікірлерінше, спектакль оларды тек қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, тұрмыс және қатынастарымен таныстырып қана қоймай, ең алдымен, рухани байланыстар және отбасылық құндылықтардың маңызы туралы ойға шомуға мәжбүр етті. Қазақ жазушысының «Неліктен абсолютті бөтен адам күтпеген жерден ең жақын адамға айналады» атты басты мәселесі британдық аудиторияның ұнамды пікірін туындатты.
Қойылым апта бойы Лондонда, содан кейін Ұлыбританияның басқа қалаларында өтетін болады.

 

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер