BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәттімбеттің 200 жылдығына арналған концерт өтеді

  АСТАНА. 11 ақпан. BAQ.KZ – Ертең «Астана»ұлттық сурет галереясы ғимаратында шертпе күй мектебінің негізін қалаған ұлы күйші композитор Тәттімбет Қазанғапұлының 200 жылдығына арналған «Сарыжайлау» атты концерт өтеді.

 Кеште Астана қаласы әкімдігіне қарасты мемлекеттік академиялық филармониясының Қазақ халық аспаптар оркестрі өнер көрсетеді. Оркестр Тәттімбеттің «Қосбасар», «Боз айғыр», «Сылқылдақ», «Алшағыр», «Секіртпе», «Сән қосбасар», «Сарыжайлау» т.б күйлерін орындайды.
Сондай-ақ, концертте ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ернар Мынтаев жетекшілік ететін Г.Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті де өнер көрсетеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер