BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Смитсон университетінің қызметкерлері Абайдың шығармашылығын зерттеуді қолға алды

Астана. 6 тамыз. Baq.kz – Абай мұраларын зерттеу ісі халықаралық деңгейде жүргізіліп отыр. Ақын мұраларына Батыс пен Шығыстың ғалымдары ерекше қызығушылық танытуда. Бұл туралы бүгін Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай өткен салтанатты жиында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова мəлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

- Адамзатқа Абайдай перзент сыйлаған қасиетті топыраққа ыстық сəлемімді жолдаймын. Салтанатты жиынға қатысушыларға алғысымды білдіремін. Əлем тарихында адамзаттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар бар. Адамзат сол тұлғалар арқылы туған халқын, елін таниды. Сол тұлғалардың шығармашылығымен танысқан сан ұрпақ өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алады. Абай да сол тұлғалардың қатарынан көрінеді. Сондықтан Абайдың мерейтойын лайықты деңгейде атап өту, оның есімін ұлықтау ел ішінде ғана қалып отырған жоқ. Жуырда АҚШ-тың Смитсон университетінің қызметкерлері қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығын зерттеуді қолға алды. Таяуда бірқатар зерттеушілер Жидебай жерінде болып, ақынның рухына тағзым етті. Абай мерейтрйына арналған шаралар Түркия, Ресей, Моңғолия жəне Еуропаның бірнеше елдерінде өтті. Ойшыл ақын, қазақ жазба əдебиетінің негізін қалаушы Абайдың болмысын тану, мұрасын насихаттау жаңа қарқынмен жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар одан əрі жалғасын табатын болады. Өйткені, ұлт ұстазы Абайды оқу, оның даналығына үңілу үлкен рухани байлық деп білемін. Біз бұл байлықты ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, əлемдік деңгейдегі тұлғамызбен мақтанатын боламыз,- деді Г.Əбдіқалықова.

Айта өтейік, 2 тамыздан Шығыс Қазақстан облысында Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай түрлі шаралар өткізілуде. Ақын мерейтойының ресми қорытындысы ертең Жидебай-Бөрілі жерінде өтеді.


Нұрсерік ЖОЛБАРЫС


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер