BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Н.Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабы жарыққа шықты

 Астана. 1 шілде. Baq.kz – Бүгін Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Өмір өткелдері» атты кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Тұсаукесер рәсімінде сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Елбасының «Өмір өткелдері» атты кітабына қатысты пікірін білдірді.


«Бүгін Елбасының таныстырылып отырған «Өмір өткелдері» кітабының ерекшелігі оқырмандар Мемлекет басшысының ел өмірінің өзгеріске толы кезеңдері мен қалыптасу тарихындағы айтулы шешімдерге деген жеке қөзқарасымен таныса алады», - дей келе: «Бұл кітапта ел президенті жастық шағынан басталған өзінің өсу-өрлеу жолдарын баяндай отырып, Қазақстанның кеңестер кезіндегі ахуалы мен тәуелсіздіктің алғашқы жылынан бүгінге дейінгі жүріп өткен жолын тереңнен қозғалған ой-толғаныстарымен жеткізеді. Аталған шығарманың құндылығы туралы жеке пікірімді айтсам, Елбасы мен сұхбат алушы арасындағы әдеби шынайы әңгіменің өрбуі, егемендік шежіресіне қатысты бұрын-соңды естімеген тың деректердің ұсынылуы, «Ұшқан ұя ұлағаты» атты тармақпен басталып, «Нұрлы жолға» ұласуы сияқты өмірбаяндық сұхбаттар тарихи оқиғалармен сабақтастырыла рет-ретімен берілуі, сондай-ақ өзара диалог барысындағы интеллектуалдылық пен қазақтың шұрайлы тілі оқырманды өзіне тартатын ерекше тұстарының қатарына жатқызуға болады», - деп атап өтті Г.Әбдіқалықова.
Өз кезегінде шара модераторы Елбасы қызметі туралы бірқатар кітаптардың авторы Махмуд Қасымбеков Президенттің жаңа кітабының ерекшеліктерін ашып берді. Бұдан басқа, «Өмір өткелдері» кітабы туралы пікірімен белгілі мемлекеттік қайраткерлер Мырзатай Жолдасбеков, Кенжеғали Сағадиев, Төлеутай Сүлейменов, Александр Тараков бөлісті.
Салтанатты шарада академик Кенжеғали Сағадиев Қазақстан Президентінің тағылымы мол, өнегелі өмір жолын жастарымыздың оқып-біліп жүргені дұрыс, деген ойын білдірді.


Айта өтейік, 16 тарау мен 570 парақтан тұратын бұл кітап оқырмандар үшін баға жетпес байлық, асыл қазына іспетті. Кітапты жуырда еліміздің барлық кітапханаларынан оқуға болады.

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер