BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

М.Мақатаевтың өлеңдері неміс тіліне аударылды

  АСТАНА. 1 мамыр. BAQ.KZ – Берлинде Қазақстанның экономика және мәдениет орталығында «Қазақ кітапханасы» жобасының аясында Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» атты неміс тілінде шыққан кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Бұл шараға Германия Бундестагының депутаттары, жергілікті мемлекеттік органдарының өкілдері, зияткерлік топтары, қазақ диаспорасы және дипломатиялық корпус қатысты.

ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Онжанов өз сәлемдеме сөзінде қонақтарды Қазақстанның бай мәдениеті және тарихымен таныстырып, «Қазақ кітапханасы» жобасының мақсаттары мен міндеттері, оның Германияның баспа компаниясымен бірге жүзеге асырылуы туралы баяндап берді. Дипломат кітап авторы қазақ халқының мәдениеті мен әдеби мұрасына салмақты үлес қосқандығын ерекше атап өтті.

Шара барысында "Қазақ кітапханасы" жобасының іргетасын қалағандар, әйгілі неміс әдебиеттанушылары Леонард Кошут пен Кристине Лихтенфельд баяндамаларын оқып, ойларымен бөлісті. Германияның атақты әдеби сыншылары ГФР мен ҚР мәдени-гуманитарлық жобаның іс жүзіндегі мағынасы зор, оның арқасында жыл сайын Қазақстанның мәдени игілігінің бірден-бірі германдық және еуропалық қоғамда қолжетімді бола алатындығын атап өтті. Сонымен қатар, олар жоба аясында Германияда шығарылған және тұсауы кесілген кітаптардың авторлары, қазақ жазушыларымен кездесулері және әсері туралы бөлісті.

Өз кезегінде, М.Мақатаевтың кітабын неміс тілінде басып шығарған Марио Пшера тұсаукесер рәсімін жүргізіп, ақынның поэтикалық ерекшелігінің мағынасын, қазақтың өлең құрылысының ерекше нысандары туралы баяндады.

Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің қазақ тілі Лекторатында оқитын неміс студенттері театрландырылған көрініс ұйымдастырып, ақынның өлеңдерін қазақ және неміс тілдерінде оқып шықты.

«Қазақ кітапханасы» жобасы 2006 жылдан бастап Қазақстанның Германияда Елшілігімен жүзеге асырылуда, оның аясында қазақ авторларының 20 астам кітаптары неміс тілінде басылып шығарылды. Олардың арасында Елбасының «Еуразия жүрегінде», «Қазақстан жолы», «Бейбітшілік кіндігі», сонымен қатар М.Әуезов, Т.Ахтанов, І.Есенберлин, А.Нұрпеисов, О.Сулейменов, Д.Досжан және т.б қазақтың көрнекті авторларының кітаптарын ерекше атап өтуге болады. Жобаның мақсаты Қазақстанның қазақ мәдениетін және қазақ жазушыларының шығармашылығымен Германия мен Еуропада елдерін таныстыру болып табылады. Кітаптар «Қазақ кітапханасы» атты логотипімен, бірыңғай әрленіммен қазақ және неміс тілдерінде басылып шығады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер