BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақтың тұңғыш тарихшысына арналған конференция өтті

 Астана. 23 шілде. Baq.kz – Талдықорғанда Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ортағасырлық тарихшы, шежіреші Қадырғали Жалайырдың 485 жылдығына арналған республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

 Жиында алдымен тарихшы ғалымның ғұмыр дерегі мен қалдырған еңбектеріне қатысты фильм ұсынылды. Қазақтың тұңғыш тарихшысы, қоғам қайраткері, қолбасшы, елші-кеңесші, философ, тарихи публицистиканың негізін қалаушы қаламгер ретінде Қадырғали бабамыздың бет-бейнесі жан-жақты қырынан ашып көрсетілді. Ғалымдар Әлкей Марғұлан, Шоқан Уәлиханов, жазушы Мұхтар Мағауиннің тарихшы туралы терең зерттеулерінен келтірілген деректер фильм мазмұнын аша түсті.
Конференцияны Талдықорған қаласының әкімі Ермек Алпысов кіріспе сөзімен ашып, өткізіліп отырған шараның мәні мен маңызына тоқталып өтті.
Мұнан соң Д. Қонаев университетінің ректоры, Халықаралық Қадырғали би Жалайыр қоғамдық қорының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Өмірәлі Шақарапұлы Жалайыр баядама жасап, Қадырғали бидің түркі әлеміндегі ұлы тарихшы екендігіне қатысты ой-толғамдарын жеткізсе, философия ғылымының докторы, профессор Аманжол Қасабек Қадырғали Жалайырдың дүниетанымы тұрғысында сөз қозғап, оның еңбегінің түпкі мақсаты ретінде «тұрақты қоғам іздеу» идеясына кеңінен тоқталды. Сол сияқты өлкетанушы, тарихшы Андрей Березин, Құлтай Нұрқалбайұлы да тарихшы бабамызға және ол өмір сүрген кезеңге, тарихи оқиғаларға қатысты тың деректер келтіре отырып, әңгімеледі.

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер