Қазақ зиялылары ЮНЕСКО-ға ұсыныс енгізбек - Жазушылар|06 Наурыз 2014, 19:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ зиялылары ЮНЕСКО-ға ұсыныс енгізбек

 АСТАНА. 6 наурыз. BAQ.KZ – ЮНЕСКО-ға 2016 жылды «Әлихан Бөкейхан жылы» деп атау туралы ұсыныс жасалмақ. Бұл ұсыныс бүгін Астанада «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының көсемі Әлихан Бөкейханның туғанына 148 жыл толуына орай өткен «Әлихан Бөкейхан. Марксизм қағидасынан ұлттық «Алаш» идеясына дейінгі эволюциялық жол» атты республикалық конференцияның Қарарында қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Конференцияға қатысушылар «ЮНЕСКО-дан 2016 жылды «Әлихан Бөкейхан жылы» деп сұрау туралы ұсыныс берілісін» деп Қарар қабылдады. Бұл Қарар алдағы уақытта ҚР Үкіметіне жолданбақ.
Айта кетейік, ЮНЕСКО-мен қатар 2016 жылы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығын Қазақстанда мемлекеттік деңгейде атап өту туралы ұсыныста осы Қарарға енгізілді. Осы дейін хабарлағанымыздай, конференцияға қатысушылар Әлихан Бөкейханға елімізде көше, алаң, институт аттары берілгені дұрыс деп шешті.

Айта өтейік, 5 наурызда қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері, ХХ ғасырдың басындағы шынайы ұлт көсемі, публицист, энциклопедист-ғалым Әлихан Бөкейхан 148 жасқа толады, конференция қайраткердің туған күніне орайластырылып отыр. Конференция жұмысы кезінде елімізге танымал ғалымдар баяндама оқып, ойларын ортаға салмақ.

 

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ
(фото).


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер