BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ сатирасындағы орны ерекше тұлғаларды еске алды

 АСТАНА. 1 сәуір. BAQ.KZ – Бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлтық университетінде Мағжан Жұмабаев атындағы Әдеби бірлестіктің ұйымдастыруымен «Әзіл әлемі: Қазақ қалжыңы және сатира сипаты» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Күлкі күніне орайластырылған бұл шара сықақшы Оспанхан Әубәкіровтің туғанына 80 жыл және Шона Смаханұлының 90 жылдығына арналды.
Әдеби-сазды кеште Серік Негимов «Шона Смаханұлы - қайраткер, қаламгер» тақырыбында және Тұрлыбек Мәмесейітов «Қазақ әдебиетіндегі сатиралық туындылар: көркемдігі мен стильдік құбылыстары» жайлы әңгімелеп, жастарға қазақ сатирасының тарихы мен бүгіні туралы айтып берді.

 

 

Табыл Құлиясов, сатрик:


- Шона ешкімге қатты сөз айтпайтын. Ол кісінің сондай мінезін үйренуге тырыстық. Ешкімді жатырқамаушы еді. Үйінен қонақ үзілмейтін. Менің «Лениншіл жас» газетінде шыққан сықақ әңгімелерімді қарап, өзінің пікірін білдіріп отыратын. «Ара» журналында қызмет еткен кезінде қоғамның бір қайраткері ретінде көріне білді. Ал, Оспанхан ағамызға келетін болсақ, бәріміз кезінде «Оспанхан сияқты боламыз» деп армандайтынбыз. Ағамызбен Алматыда танысып, сатира өнерін үйрендік. Бұл екі ұстазымыздың қазақ сатирасында орны ерекше.

 


Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ
(фото).

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер