BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ Хандығының 550 жылдығын тойлау «Абылай ханның арманынан» басталатындай – Б.Ұзақов

 АСТАНА. 26 қаңтар. BAQ.KZ – Біраз уақыт бұрын Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры «Абылай ханның арманы» атты тарихи қойылымның премьерасын өткізген еді. Жуырда, бұл қойылым Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында аздаған өңдеуден өтіп, көрерменге қайта ұсынылады. Алдағы ақпан айының жетісі күні бұл қойылымды Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова бастаған бір топ лауазым иелері барып тамашалайды. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне сұхбат бере отырып, театр директоры, аталмыш қойылымның қоюшы режиссері Болат Ұзақов айтып берді.

 «Кенесары-Күнімжан» атты тарихи драма үш жылдан бері сахнадан түспей келеді. Жалпы, баяғыдан бері Кенесары хан туралы бір спектакль қойсам деп армандайтын едім. Актер болған кезде Кенесары ханның бейнесін сомдасам дедім. Режиссерлік қызметке түскен соң бұл ой санамнан шықпай қойды. Сөйтіп жүріп, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай, осы Кенесары туралы қойылымды қолға алдық. Қазақтың соңғы ханы туралы бір спектакль керек деген нық шешімге келдік. Осылайша, Кенесары ханды зерттеп жүрген жазушы Думан Рамазанмен таныстым. Ол кісі ұсынысымды қуана қабыл алды. Міне, осылай, «Кенесары-Күнімжан» қойылымы егемендіктің 20 жылдығына орай көрерменге жол тартқан еді», - дейді Б.Ұзақов.

Тарихи туындыларды ерекше талғампаздықпен сахналайтын режиссер Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясындағы шаралардың алды болып осы театрдағы тарихи драма – «Абылай ханның арманы» атты қойылым тағы қойылатынын айтып отыр.
«Думан Рамазанмен бірге «Абылай ханның арманы» атты қойылым жазған едік. Енді биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау аясында осы спектакльді аздаған өңдеуден өткізіп, көрерменге тағы ұсынамыз. Тіпті, Мемлекеттік хатшы бастаған бір том лауазым иелері келіп көреді. Осылайша, Қазақ хандығының 550 жылдығын тойлау қазақ театрынан басталайын деп тұр. Жалпы, мен өнер адамы болмағанда, тарихшы болар едім. Тарихи тақырыптардағы спектакльдерді жақсы көремін. Болашақта Думан Рамазан екеуміз тағы бір тарихи дүние жазатын шығармыз», - дейді Б.Ұзақов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер