BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қазақ хандары» энциклопедиясы 78 ханның тағдырынан сыр шертеді

 Астана. 21 шілде. Baq.kz – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Қазақ хандары» энциклопедиялық анықтамалық жинақ жарық көрді. Бұл аталған оқулықта 78 ханның өмірбаяны қамтылады. Бұл туралы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тұрсын Хазретәлі мәлімдеді, деп хабарлайды AlmatyNews AA.

 «Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтуге дайындық барысында «Қазақ хандары» атты анықтамалық сипаттағы жинақ шығару мәселесін университетіміздің президенті Уалихан Әбдібеков ұсынған болатын. Бұл ұсынысты «Тарих» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы толығымен қуаттап, іліп алып кетті. Нәтижесінді қысқа мерзімде 14 баспа табақ болатын көлемді ұжымдық еңбек жазылды. Барлығы әртүрлі кезеңде, әртүрлі жағдайда, заңды түрде хан тағына отырған 78 ханның өмірбаяны ғылыми деректермен қамтылды», - деді профессор.

Сондай-ақ, бұл энциклопедия басқа тарихи оқулықтардан өзгерек. Себебі, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналып шығарылып жатқан кітаптардағы деректер, «Қазақ хандары» жинағында қайталанбайды.

«Қазақ хандары» энциклопедиялық анықтамалық жинағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің суретшілері салған 9 ханның, 5 батырдың, 3 бидің суреттері, «Аңырақай» триптихы мен «Орбұлақ шайқасы» полотносы енді. Сонымен қатар, 550 жылдық шеңберінде басқа да еңбектер жарық көріп жатқанымен, бұл жинақ оларды қайталамайды», - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Хазретәлі.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының Жарлығынан кейін Қазақ хандығының 550 жылдығына жан-жақты зерттеліп «Қазақ хандығының құрылу тарихы» және «Қазақ хандары» атты тарихи-танымдық кітап жарыққа шыққан болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер