BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ әдебиеті қос туындымен толықты

 АСТАНА. 3 сәуір. BAQ.KZ – Бүгін Астанада айтыскер ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағы мен айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Айтыскер Дәулеткерей Кәпұлының «Шертолғақ» атты айтыстар жинағына 30-дан астам айтыстары енген. Таралымы 1 мың дана болатын бұл кітапта танымал жыр жүйріктерімен сөз сайыстары топтастырылған бұл жинақтағы ана тіліміздің ғажайып мүмкіндігі мен байлығын паш еткен келісті де көркем сөз кестелері, тамаша теңеулер мен сурет-бояулар, қоғамдағы сан алуан көкейкесті мәселелерге қатысты салмақты пікір, салиқалы ойлар кім-кімді де тәнті етері сөзсіз.

    


Сонымен қатар, айтыскер ақын, филология ғылымдарының кандидаты Айтбай Жұмағұловтың «Қазақ әдебиетін дәуірлеу тарихы» атты ғылыми еңбегінің де тұсауы кесілді. Ұлттық әдебиеттанудағы қазақ әдебиетінің тарихын дәуірлеудің бір ғасырға жуық ғылыми тәжірибелері талданып, ғылыми және әдіснамалық негіздері қарастырылған бұл кітап оқырман үшін ерекше орын алады.
Аталған екі кітаптың тұсаукесеріне келген академик Мырзатай Жолдасбеков, ақын Жүрсін Ерман, қаламгер Намазалы Омашев тәрізді саңлақтар кітаптың оқырман үшін маңызы зор екенін атап өтті.

 


Нұрсерік ЖОЛБАРЫС,
Ғабит МАДАЛИЕВ
(фото).

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер