BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Қараш - қараш» повесі қалай жазылды?

 Астана. 10 шілде. Baq.kz – Мұхтар Әуезовтың «Қараш - қараш» повесін оқымаған адам кемде-кем. Бөксесі де, беті де, малы да қалың Жарасбайды Бақтығұл әбден азары өткесін, шың басынан атып түсірмейтін бе еді.....!!!!

 Негізі бұл повесть өмірден алынған. Нәубет жылдары миллиондаған қазақты аштан алып қалған Тұрардың әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы болыс Саймасай Үшкемпіровті тау басынан атып құлатқан. Содан болыстың ағайын-туысы Рысқұлды Сібірге айдатып, 11 жасар Тұрарды бауыздап өлтірмек болыпты. Сол кезде қаршадай баланы қанға бөктіргісі келген «қазағым» Тұрардай қазақтан қандай тұлғаның қалыптасарын білді ме екен?! Әй құдай-ай! Бертін келе сол қаршадай бала азамат болып, аштықтан өліп жатқан қазақтардың мәселесін айтып Сталлинге хат жазды. Алаштың марғасқалары Мұхамеджан Тынышбаевқа, Санжар Асфендияровқа қызмет бергізіп, негізсіз жаламен оқудан шығып қалған Дінмұхамед Қонаевты үш сағат ішінде оқуына қайта орналастырды. Бауыржан Момышұлын оқуға түсіріп, Қаныш Сәтбаевты Жезқазғанның кенін ашуға шақырды. Моңғолияда елшілікте жүріп, астанасының атын Ұлан-Батор деп қойғызып, Шыңғысханның «қазіргі» төте ұрпақтарына Конституция негіздерін жазып беріп кетті. Сол.....сол.......сол кездері Мұхтар Әуезовпен де жақын араласқан Тұрар әкесі Рысқұлдың басынан өткен азапты баяндаған ғой! Кейін қасіретті әңгіме повеске желі болып түсіп, «Қараш-қараш» жазылды!

 

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер