BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қарағандыда 100 томдық сериялы кітаптардың тұсаукесері өтеді

 АСТАНА. 28 қаңтар. BAQ.KZ - Қарағандыда Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы айтулы мерекелердің аясында «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен шыққан 100 томдықтың тұсаукесері өтеді. Бұл туралы облыстық мәдениет басқармасынан хабарлады.

 Ұлттық әдеби-мәдени жәдігерлерді сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде қолдану, рухани құндылықтарды қорғау және қолдау елімізде мемлекеттік деңгейдегі маңызды мәселе. Қарағанды облысы еліміздін өнері мен мәдениетінің де, әдебиетінің де ұлы тұлғаларын тудырған асқақ аймақ екені белгілі. Бұл топырақта аруақты Бұқар Жырау, Қыздауысты Қазыбек, Әсет Найманбайұлы, Мәди Бәпиұлы, Тайжан, Шашубай, Нарманбет, Қасым Аманжолов, Әлжаппар Әбішев сынды көптеген халқының перзенттері дүниеге келді.
Осы орайда рухани бай мұрамызды - ұлы тұлғалар шығармаларын сақтап қалу және келешек ұрпаққа қалдыру мақсатында 2013 жылдан бері Қарағанды облысының әкімдігінің қолдауымен «Сарыарқа кітапханасы» сериясымен облыс қаламгерлерінің 100 томдық шығармаларын шығару бойынша жұмыс басталды.
Тұсаукесер ҚР Парламентының Сенаты және Мәжілісі депутаттары мен 100-томдыққа шығармасы енген Алматы, Астана қалалары және облыстың ақын-жазушыларының қатысуымен өтеді деп жоспарлануда. Қатысушылар қатарында Парламент Сенатының депутаты - Оралбай Әбдікәрімов, Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы - Тоқтар Әубәкіров, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары - Бауыржан Байбек, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Ералы Тоғжанов, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары - Ғалым Жайлыбай, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Серік Қирабаев, Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамының бас редакторы - Дидар Амантай бар. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер