BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

К.Байпақов: Қазақ хандығының мерейтойына әлемдік қауымдастық қызығушылық танытып отыр

 Астана. 23 шілде. Baq.kz – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына әлемдік қауымдастық қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Карл Байпақов мәлімдеді.

 «Биылғы жыл – Қазақ хандығының меретойы жылы. 550 жыл бұрын Жетісуда Жәнібек пен Керей хандар оның негізін қалаған болатын және бірнеше жылдан кейін ол Еуразияның экономикалық, саяси және мәдени өмірінде ең ірі және маңызды мемлекеттің біріне айналды. Осы жылы бірнеше шаралар өткізіліп, қазақстандықтар мен жалпы әлем қауымдыстығының тарапынан осы мерейтойға деген үлкен қызығушылық байқалып отыр», - деді К.Байпақов.
К.Байпақовтың айтуынша, Қазақ хандығының археологиялық ескерткіштерін зерттеулер жалғасуда.
«Қазақ хандығы тек көшпелі мемлекет қана болған жоқ, оның жоғары дамыған қала мәдениеті де болды. Түркістан, Сайрам, Сауран, Сығанақ, Созақ, Сарайшық қалалары қалаларын қазіргі уақытта ғалымдарымыз терең зерттеу үстінде», - деп атап өтті ғалым.
Сонымен қатар, мерейтойға орай Қазақстанның барлық өңірлерінде ондаған археологиялық экспедициялар жұмыс жасап жатыр.
«Біздің мәдени мұра – бабаларымыз қалдырған баға жетпес байлық. Ол біздің тарихымыз бен мәдениетіміздің түп негізінде жатыр. Оны сақтап, зерттеп, еліміздің игілігіне пайдалану қажет», - деп қорытындылады Карл Байпақов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер