BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

І.Есенберлиннің 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді

 АСТАНА. 26 қаңтар. BAQ.KZ – Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай Астана қаласының Білім басқармасы мен «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы елордада ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

 Ілияс Есенберлин - қазақтың ұлы жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінде өшпес із қалдырған тұлға. Өзінің тарихи шығармалары арқылы халыққа бағзы заманнан бастау алатын ұлы көшпенділер өмірінің лебін жеткізген жазушы. Оның қаламынан атақты "Көшпенділер", "Қаһар", "Ғашықтар" секілді романдар туған.

«Ілияс Есенберлин және оның әлемі» атты ғылыми-практикалық конференциясы 27 қаңтарда Астана қаласы Білім беру мекемелерінің басшылары мен ұстаздарының және 8-11-сынып оқушыларының арасында өтеді. Конференцияның мақсаты жазушының әдеби мұрасымен таныстыру, оны насихаттау, жас ұрпақты әдебиет әлемнің рухани мол қазынасынан нәр ала білуге баулу болып табылады.

Есенберлиннің әлеміне шеберлік пен биік кәсібилік тән. Халық жадында мәңгі сақталатын шығармалардың авторы тарихтан өз орынын ойып тұрып алды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер